Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Тәттігүл Картаева
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1737-3
Скачать книгу
ойындар жас пайдаланушылардың қытай мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында құрылған. Бұл ойындардың материалы ретінде атақты көркемсуреттер, археологиялық қазбалар мен мұрағаттық мәліметтер пайдаланылады; осындай ойындардың көмегімен балалар бірегей тәжірибе жинап, уақытын жақсы өткізеді.

      Музейдің веб-сайты үнемі заманауи технологиялармен жаңғыртылып отырады. Мысалы, соңғы жылдары суреттерді, заттарды тұтынушыға немесе келерменге жақындататын функция қосылған. Сондай-ақ, жаңа әсерлі ойындар жасалып, үнемі жаңартылған нұсқасы енгізіліп отырылады. Мысалы, пайдаланушы кішкентай коллекция жинаушыға айнала алатын, суреттердің көшірмесі мен түпнұсқасын, жасанды түрін тауып үйренетін ойындар ойластырылған.

      Музей сайтындағы «Директор почтасы», «Ұсыныстар мен ескертулер» және «Қашықтықтан оқыту» сияқты бөлімдер жұмысы музей мен бұқара арасындағы байланысты орнатуға арналған. Музей шетелдік пайдаланушылар үшін Қытай миграциялық комитетімен бірлесіп Азия, Европа мен Солтүстік Америка желісінде сайттар ашты.

      2000 жылы қаңтарда Гугун музейі сайтында «Виртуалды музей» деп аталатын керемет графикасымен, танымдық және түсіндірмелік мәтіндері бар жоба іске қосылды, онда мәдени жәдігерлерді көрсетуге арналған көптеген тақырыптардың мазмұны ашылады. Қазіргі уақытқа дейін келесідей бағдарламалар жетілдірілген: «Цин және миндік безендірілген фарфор», «Сун династиясының атақты альбомдар парағы» және «Будда қағидасындағы суреттерге толық баяндама». «Виртуалды музей» барлық жастағы көрермендерге бағытталған. Виртуалды шынайылық арқылы олар коллекциялардың ортасында болып, шарлауына немесе ойнауына мүмкіндік береді. Сайтқа кірушілер өнерге қатысты қажетті мәліметтер алып ой өрістерін кеңейтеді.

      Жылдан жылға өнер туындылары ескіріп өзінің айқындығын жоғалта бастады. Табиғи апаттар мен соғыстар экспонаттарға қауір қатер келтіреді. Сондықтан коллекцияларды виртуалдандыру және музей қорын цифрлы форматқа аудару музей ісіндегі негізгі міндеттердің біріне айналған, экспонаттарды суретке түсіру және көрсетілім кезінде музей қызметкерлері ең бірінші шеберлер жасаған туындылардың сақталуын қамтамасыз етеді. Гугун музейінде музей коллекцияларын виртуалдандыру жобасы 2001 жылдан басталған. Оның алдында бұл әдістің болашағы мен мүмкіндіктеріне анализ жасалды. Тайвандық компаниялар арқылы, музейге заманауи құрал-жабдықтар беріліп, музей заттары суреттерін өңдеуге арналған параметрлер алынды. Синик Академиясының мамандары әдістің халықаралық стандартқа сәйкес келетініне көз жеткізу мақсатында сараптамалар жасады.

      Коллекциялардың виртуалдандырылуы, оларды сақтау режимінің бұзылмауын қамсыздандыруды және бұйымның алуан түрлерінің игерілуін жеңілдетеді. Суретті файлдардар мультимедиялық презентацияға шығарылғанда, компакт-дискке жазғанда, каталокқа енгізгенде жоғары сапада көрінеді. Осылайша коллекциялар электронды түрде жарияланып,