ВИРТУАЛЬДЫ МУЗЕЙЛЕР – 1) Виртуальды кеңістікте орналасқан, компьютерлік технологиялар көмегімен жүзеге асырылған музейлер моделі. 2) Қалыптасқан музейдің электронды кеңістіктегі филиалы немесе музейдің интернет жүйесіндегі сайт орны. В. м. жетістігі музейлердің орналасқан мемлекетіне бармай-ақ, үйде, мекемеде отырып, музей экспозициясына ғаламтор жүйесі, аудиотехникалар, мультимедиалық қондырғылар, интерактивті қондырғылар көмегімен саяхатқа шыға аласың. Мұнда музей заттары «виртуальды экспозицияда» орналасады. В. м. – ге саяхатты электронды жасалған аудиогидтер жүргізеді. В. м. жасау ісі 20 ғ. – дың екінші жартысынан бастап қолға алынып, қазіргі таңда кең қолданысқа ие болған. В. м. – ге саяхатқа шығу арқылы виртиуальды турист бола аласың (). Әлемнің бәсекеге қабілетті, дамыған елдерінің басым бағыттардың бірі инновациялық нанотехнологияларды қоғамның барлық саласында қолданысқа енгізуден көрінеді. Мемлекеттің қарқынды дамуында музейлер мен туризмді қатар дамытудың шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. Бұл 21 ғ. музейлері жолға қойып отырған инновациялық қадам. Қазақстандық сайты арқылы да Қазақстан өзінің халықаралық туризм инфрақұрылымын дамтытуға байланыс орнатқан Египет, Біріккен Араб Эмираты, Үндістан, Италия, Франция, т.б. елдердің тарихи-мәдени туризм нысанындағы музейлері мен тарихи музей-қалаларына, музей-сайттарына виртуальды турист болуға болады. Қазіргі таңдағы ауқымды виртуалды экскурсты жүзеге асырып отырған ақпараттық кеңістіктегі ірі музейлердің бірі – Канада виртуальды музейі Канада құндылықтары департаменті жанындағы Канада құндылықтарының ақпараттық жүйесі () агентігі құрған. Канада виртуальды музейі 2500-ден аса Канада музейлері қорларына презентация жасайды. Музей әртүрлі қалалар мен Канада қоғамдарының дамуы туралы ірі коллекцияны, 600000-ға жуық экспонат бейнесін, виртуальды ойындар, білім беру материалдарын біріктірген, ресурстары
Автор: | Тәттігүл Картаева |
Издательство: | КазНУ |
Серия: | |
Жанр произведения: | Зарубежная образовательная литература |
Год издания: | 2016 |
isbn: | 978-601-04-1737-3 |
– Мельбурн қаласында орналасқан Виктория ұлттық галереясы Австралиядағы ірі әрі көне өнер музейі болып саналады. 1861 жылы негізі қаланған, қала орталығының ортасында орналасқан. Галереяда әлемнің әр түкпірінен жинаған өнер туындылары қойылған. Еуропалық өнер туындыларын көрсететін көне полотнолар қатарынан Паоло Учелло, Паоло Веронез, Питер Пауль Рубенс, Антонис Ван Дейк., Рембрандт, Джовани Батиста Тьеполо еңбектерін көруге болады. 19-20 ғ. – лар көркемсурет туындыларынан Уильям Тернер, Пьер-Огюст Ренуар, Клод Моне, Пабло Пикассо, Винсент ван Гог еңбектерін атауға болады. 2003 жылы музейдің негізгі ғимараты жанынан Иан Поттер орталығы ашылды. Қазіргі таңда бұл орталық коллекциясында автралиялық өнер туындыларын көрсететін экспонаттар саны 20000 бірліктен асады. Олардың қатарында Сидни Нолан, Альберт Такер, Артур Бойда, т.б. суретшілер туындылары бар. Коллекциялық құндылықтар қатарында Фредерик Маккаббиннің «Пионер» полотносы сақталған. Қолданбалы өнер туындылары қатарында грек вазалары, қыш-құмыралары, тоқыма бұйымдар, т.б. қойылған.