Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Тәттігүл Картаева
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1737-3
Скачать книгу
сыр шертетін экспонаттар, фотосуреттер мен құжаттарды қамтиды () .

      Мәскеудегі 2001 жылдың басында құрылған «Радио және телевидение» виртуальды музейі – Ресейдің мәдениет және БАҚ тарихынан мәлімет береді (). Жоба концепциясы ЮНЕСКО қолдауына ие болған.

      Әлемдік тәжірибеде виртуальды музейге саяхат аудиогид көмегімен бірге жүргізіледі. Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінің музейлері өз музейлерінің В. м. ретіндегі көшірмесін жасауды жүйелі жолға қойып келеді. Солардың бірқатары: – Лувр; vm.kemsu.ru – Алғашқы қауым виртуальды музейі; – Дрезден галереясы; – Лондон Ұлттық галереясы; – Британ музейі; – Прадо музейі; – Уффици галереясы; – Метрополитен; – Эрмитаж; www. museum.ru/gmii – А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік көркемсурет өнері музейі; – Третьяков галереясы; Мемлекеттік орыс музейі; Sai.msu./cjackson/ – Көркемсурет виртуальды музейі; Museum.defa.ru/about/ – Экономикалық келісім кеңесі бренттер музейі; – Ф.М.Достаевский мемориалдық музейі; Lomonosov.pomorsu.ru – М.В.Ломоносов мемориалдық музейі; Museum.odessa.net/museum_pushkin – Одессадағы А.С.Пушкин мемориалдық музейі; www.pushkin.pskov.ru – «Михайловск» А.С.Пушкин музей-қорығы; – Космонавтика мемориалдық музейі; – Планетарий; Pavlovskart.spb.ru – «Павловск» музей-қорығы, Еуропадағы ірі сарай-парк архитектурасы ескерткіштері; – Дарвин музейі; – Лондон балалар музейі; – Канада пошта музейі; – Москва кино музейі; – Кремль виртуальды музейі; – Ақ үй виртуальды музейі.

      Google Art Projeсt В. м. (http://www.globmuseum.info/novyj-proekt-google-art-project/) 17000 картина, 600000 графика, 300000 авторлық бұйымдар, 700000 археологиялық, 1000000 нумизматикалық құндылықтарды электронды экспозициялайды. Музей өзінде әлем елдерінің қорларымен таныстыратын каталог, әлемдегі музей жаңалықтары, атақты әлемдік шеберлер өмірі және шығармашылығымен таныстыратын бөлімдер орналастырған. Музейде Стритвью талабы бойынша саяхат жасап, әрбір экспонатты 7000 мегапикселге дейін үлкен өлшемде көруге болады. Art Projeсt әлемнің келесідей 47 ірі музейіне аудио-гид виртуальды саяхат-тур жасатады. Олардың қатарында: Көне ұлттық галерея, Берлин – Германия; Фрир өнер галереясы, Смитсон институты, Вашингтон, Колумбия –АҚШ; Фрир коллекциясы, Нью-Йорк – АҚШ; Берлин картина галереясы, Берлин – Германия; Метрополитен музейі, Нью-Йорк – АҚШ; Қазіргі заман өнері музейі, Нью-Йорк – АҚШ; Королева София музейі, Мадрид – Испания; Тиссен-Борнемис музейі, Мадрид – Испания; Кампа музейі, Прага – Чехия; Ұлттық галерея, Лондон – Ұлыбритания; Версаль сарайы – Франция; Мемлекеттік музей, Амстердам – Нидерланды; Мемлекеттік Эрмитаж, Санкт-Петербург – Ресей; Мемлекеттік Третьяков галереясы, Москва – Ресей; Тейт галереясы, Лондон – Ұлыбритания; Уффици галереясы, Флоренция – Италия; Ван Гог музейі, Амстердам – Нидерланды, т.б. Google Art Projeсt в.м. әлем