Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Тәттігүл Картаева
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1737-3
Скачать книгу
династиясы, яғни император Рудольф І және эрцгерцог Леопольд Вильгельм коллекциялары негізінде қалыптасқан, келушілер үшін 1891 жылы ашылған, музейдің негізгі ғимараты Мария-Тереза алаңында орналасқан. Музейдің Бас ғимаратында ежелгі Шығыс Египет жинағы, Антикалық жинақ, Кунсткамера, Нумизматикалық жинақ, қолданбалы өнер коллекциялары, картиналар галереясы, нумизматика кабинеті бар. Музейдің бірнеше филиалы жұмыс жасайды: Қазыналар қоймасы, Костюмдер мен экипаждар музейі, Палацо Харрах, Липицанер музейі, Амбрас сарайы, Австрия Театр музейі, 19 ғ. өнер галереясы, Neue Burg – Нойбург музейі. Neue Burg – Нойбургтың өзі бірнеше музейлерді біріктіретін тарихи-мәдени кешен, оның құрамында Эфесос музейі, Аңшылар сарайы мен Қарулар палатасы, Көне музыкалық аспаптар музейі, Этнография музейі жұмыс жасайды. Хофбург сарайында Қасиетті Рим империясының императоры Оттон I-нің тәжі, қылышы, асатаяғы сақтаулы. Мұнда билік аристократтарының бұйымдары қойылады. Картина галереясында батысеуропалық өнер туындыларының бай коллекциясы сақталған. Әсіресе, Ренессанс дәуірінің итальяндық суретшілерінің, соның қатарында Антонелло да Мессины, Джованни Беллини, Корреджо, Паоло Веронез, Джорджоне, Микеланджело де Караваджо, Якопо Тинторетто, Якопо Бассано, Лоренцо Лотто, Андреа Мантеньи, Тициан және Рафаэль туындылары бар. Музейде нидерландылық көркемсурет туындыларының мол коллекциясы сақталған. Үлкен Питер Брейгел жұмыстарының ең ірі коллекциясы осы музейде, соның ішінде «Қардағы аңшылар» деген атпен белгілі «Қыс», «Балаларды жазалау» атты туындылары сақталған. Сондай-ақ Ян Ван Эйк, Рогир Ван дер Вейден, Иеронимус Боск, Рембрандт, Питер Пауль Рубенс туындылары, Ян Вермеердің «Көркемсурет өнері» туындысы сақталған. Басқа мемлекет суретшілерінен Альбрехт Дюрер, Кіші Ганс Гольбейн, Альбрехт Альтдорфер, Лукас Кранах, Диего Веласкес еңбектері бар. Мүсіншелер, қолданбалы өнер туындыларын сақтаудан да Еуропадағы ірі қор болып саналады. Эрцгерцог Фердинанд Тирольскийдің «Кунсткамерасында» орта ғасырлардан бастап 18 ғ. – дың аяқ кезіне дейінгі Еуропадағы ірі өнер мектептері мен өнер бағыттарының туындылары сақталған. Оның коллекциясында шпалер, сүйек бұйымдар, астрономиялық және өлшеуіш қондырғылар жинақталған.

      Әдеб.: Калугина Т.П. Художественный музей как феномен культуры. СПб., 2008.

      ВЕНЕЦИЯНЫҢ 18 ҒАСЫР МУЗЕЙІ – 1745 жылы архитектор Джорджо Массари жобасымен салынған Үлкен канал бойындағы Паллаццо Реццонко ғимаратында орналасқан. 1935 жылы сарайды қала әкімшілігі сатып алып, оны 18 ғ. – дағы Венециан аристократтарының интеръері қойылған музейге айналдырған, 1936 жылы 25 сәуірде ресми ашылған. Қолданбалы өнер туындыларының озық үлгілері, инкрустацияланған жиһаздар, 17 ғ. фламан гобелендері, Мурано аралы шеберлері жасаған венециан шынылары, фрескалар, Розальба Карер, Джованни Батиста Пьяццетта, Ян Лисса, Джозеппе Цайса, Франческо Гварди жұмыстары экспозицияланған. 18 ғ. шебері Джованни Баттиста Тьеполо, Пьетро Лонги жұмыстарына арнайы зал бөлінген. Сондай-ақ