БРЕМЕН КУНСТКАЛЕСІ – Германиядағы ірі музей, қалалық өнерсүйгіштер коллекциясы негізінде қалыптасып, 1849 жылы ашылған. Жаңа ғимараты архитектор Эдуард Гильдемейстер жобасымен салынып, 1902 жылы пайдалануға берілген. Кунскале коллекциясының негізін 19-20 ғ. – ларға саятын көркемсурет, гравюра, мүсін шеберлерінің туындылары құрайды. Музейде Вильгельм Лембрук, Эрнаст Барлах сияқты мүсіншілердің, Клод Моне, Эдуард Мане, Камиль Писсарро, Пьер-Огюст Ренуар, Эдгар Дега, Анри де Тулуэ-Лотрек, Поль Сезанн сияқты әлемге белгілі импроссионистердің, Оскар Кокошки, Эдвард Мунк, Макс Пехштейн сияқты экспроссионистердің, Ловис Коринт, Макс Либерман, Макс Слефогт, Каспар Давид Фридрик, Макс Клиптер, Адольф фон Менцел, Эрик Хекел, Вильгельм Трюбнер сияқты неміс суретшілерінің туындылары бар.
БРЕР ПИНАКОТЕКАСЫ – Миланда орналасқан. Брер Пинакотекасы Өнер Академиясы студенттеріне көрнекі оқу материалы ретінде құрылып, 1882 жылы өз алдына жеке мекеме болған. Музей қорында 400 ден астам полотно сақталған. Музей экспозициясында Андреа Мантеньи, Донатто Браманте, Пьер делла Франчеса, Рафаэль, Джованни Беллини, Паоло Веронез, Микеланджело да Караваджо, Якопо Тинторетто, Франческо Айец, Амедео Модильяни, Рембрандт, Питер Пауль Рубенс, Антонис ван Дейк жұмыстары қойылған.
БРИТАН МУЗЕЙІ – Лондонда орналасқан әлемдегі көне әрі ірі музей. Ол 1753 жылы парламент жарлығымен құрылған. Алғашқы жылдары музейге кіру қарапайым адамдар үшін тиым салынған, жалпы халық үшін тек 19 ғ. – да ғана ашылған. Музей экспонаттарының алғашқы негізін әкімшілік дәрігері, натуралист Хэнс Слоус жинаған 80000 экспонаттан тұратын коллекциясы құраған. Музей алғашында Лондонның Блумсбери ауданындағы Монтегю-Хаус ғимаратында орналасты, сосын қазіргі тұрған 1823-1847 жылдары архитектор Роберт Смерктің басшылығымен салынған ғимаратқа көшірілген. Бұл ғимарат әлемдегі классикалық үлгіде салынған ғимараттардың ең көріктісі болып саналады. Британ музейінен әлемдік мәдениеттің барлық бағыттарының ескерткішін табуға болады. Бұл жерде Ежелгі дүние өнерінен Парфенон