Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Сағындық Қожамсейітов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Биографии и Мемуары
Год издания: 0
isbn: 9785005105080
Скачать книгу
«Ұлытау. Ұлытау ауданы» энциклопедиясында осындай ақпарат басылған екен. Батыр, епті, алғыр кісі болған. ІІ Прибалтика майданының құрамындағы саперлер бөлімшесінде өмір мен өлім арасында жүріп, жауынгерлік міндетін мінсіз атқарған. Осыны бағалаған дивизия командирі оны 1944 жылы 14 желтоқсанда Москва қаласында екі жылдық офицерлер курсына жібереді. Осы жылы әскери-техникалық мектепке оқуға қабылданады. Үздік оқиды, қатаң тәртібімен көзге түседі. Кеңес әскерінің офицері болуды армандаған. Мектеп бастығы генерал-майор Медведов Отан үшін қанын төккен жауынгерді Москвада 1945 жылы 24 маусымда өткен Жеңіс парадына қатысуды ұсынған. Осылай Ұлытау өңірінен Жеңіс парадына қатысқан жалғыз жауынгер болу бақытына ие болды.

      Мен әкемнің алпыстан асқан шағында дүниеге келген екем. Атымды Аңсаған қойыпты. Балалық шағымда мойынына мінгізіп, еркелетіп өсірді. Мен де әке жолын қуып, тәуелсіз Қазақстанның әскері қатарында болуды мақсат еттім. Қазір ұлттық гвардияның құрамында қызмет етемін.

      Аңсаған Мұханбетұлы, аға лейтенант.

      Баймендинов Ермағамбет (1895, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Кеңгір болысы—ө.ж.б.) Қарсақбай мыс қорыту зауытындағы еңбек жолын 1930 жылы құрылыс цехында қара жұмысшы болып бастаған. 1933—1934 жылдары металлургиялық цехта вагонет жылжытушы болып еңбек етті. 1934—1935 жылдары кен бұзушы болды. 1935—1937 жылдары горновой, ал 1937—1952 жылдары аға горновой болып еңбек етті. 1952—1954 жылдары Қарсақбай темір жолына қазаншы болды. 1954 жылы өз еркімен күрделі құрылыс бөліміне жұмысшы болып ауысты. 1956 жылы 31 мамырда ІІ топ мүгедектікке шығуына байланысты жұмыстан босатылған. Е. Баймендинов өзін адал және білікті жұмыскер ретінде танытты. Ай сайынғы берілген жоспарды 110—115% асыра орындап отырған. Металлургиялық цехтің қоғамдық жұмыстарында белсенділік танытқан. Жасына қарамай сұрапыл соғыстың қиын кезінде зауыттағы ең ауыр жұмысты өзіне алып, тәуліктік норманы орындай алмаған кезі болмаған. 1946 жылы «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдардағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

      Баймендинов Жүнісбек (1905, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы— ө.ж.б.) еңбек жолын 1934 жылы Қарсақбай орталық электр станцияда қара жұмысшы болып бастады. 1935 жылы зауыттың Кен алаңыда жүк тасушы болып ауысты. Сол жылдың тамыз айында өз еркімен жұмысты тастап кетті. Бірақ, екі айдан кейін қайтып жұмысқа шақырылып, 1935—1936 жылдары сол Кен алаңында жұмысшы болып істеді. 1936—1940 жылдары электр станциясына шуровшы, 1940—1941 жылдары Қарсақбай темір жолында от жағушы болды. 1941—1947 жылдары ОЭС-да компрессор машинисінің көмекшісі. 1947—1950 жылдары сол жерде тіркеуші. 1950—1951 жылдары күл тасушы. 1951—1955 жылдары жүк түсіруші. «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

      Баймұхамедұлы Мұхамедия (1902, Орынбор облысы, Торғай уезі, Қызылжыңғыл болысы, Білеуті өз. Бойы – 1984, Жезқазған облысы, Жезқазған қаласы) – дін қайраткері. Әкесі Уайсұлы Баймұхамед (Баймен аталып кеткен) арабша білімі бар кісі болған. Қарнақ медресесін бітірген. Шешесі Достәуірқызы Рахия да арабша білімді болған.