Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Сағындық Қожамсейітов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Биографии и Мемуары
Год издания: 0
isbn: 9785005105080
Скачать книгу
Ақмола облысы, Атбасар уезі, Қарсақбай елді-мекені – 1998, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы) Ұлы Отан соғысының майдангері. 1939 жылы кеңес әскерінің қатарына шақырылды. Ақфиндермен, фашистік Германиямен, милитаристік Жапониямен соғысуға қатысты. Елге 1947 жылы оралғаннан соң ұжымшар партия ұйымының хатшысы, ұжымшар басқармасының төрағасы болып сайланған. 1952 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытына жұмысқа түседі. Металлургия цехында аспалы кран машинисі, балқытушы болып еңбек еткен. Өндірісте тапсырманы жыл сайын 102% асыра орындап отырған. Мінезі баладай ақкөңіл, ешкімнің бетін қайтармаған, жұмыс орынында жауаптылығымен, біліктілігімен көзге түскен. Өз мамандығына оннан астам жас жігітті үйреткен. «Ерлігі үшін» (1943), «1941—1945 Отан соғысы жылдарыфашистік Германияны жеңген үшін», «Жапонины жеңген үшін» медальдарының иегері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.

      Бегімбетов Әбдібай

      Бейсекбаев Әбдіраман (1909, Ақмола облысы, Атбасар уезі) – Қарсақбай байыту фабрикасында аға фильтровщик. Уақтау цехында 1930 жылдың 31 желтоқсанынан откатчик болып еңбек жолын бастады. 1933 жылдың шілдесінен байыту фабрикасында фильтровщик. Тәжірибелі байытушыны 1938 жылы шілдеде жобалық қуатын игеруде үлкен қиыншылық көріп отырған Балқаш байыту фабрикасына мамандығы бойынша жұмысқа жіберілді. Ол мұнда 1 жыл 7 ай 18 күн еңбек етті. Қарсақбайдың атын ақтады. 1940 жылдың 4 мамырынан зейнеткерлікке шыққанша Қарсақбай байыту фабрикасында аға фильтровщик болып еңбек етті. Еңбек Қызыл Ту орденімен, «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін», «Ерлік еңбегі үшін» (1950) марапатталған.

      Бейсекбаев Әбдіраман

      Бексұлтанов Қуанышбек (12.05.1928, Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, «Қызыл егіс» ауылы – 1996) – инженер-металлург. Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. 1948 жылы Зеренді ауылдық мектебін басында қазақша, кейін орысша оқып, бітіріп шыққан. 1948 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтына түсіп, оны 1953 жылы түсті, сирек және асыл металл металлургиясының инженер-металлургі мамандығы бойынша бітірген. 1953 – 1954 жылдары Қарсақбай мыс қорыту зауытының байыту фабрикасында ауысым шебері. 1954 – 1956 жылдары байыту фабрикасының технологы. 1956 – 1957 жылдары Қарсақбай мыс зауытының ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы. 1956 жылдан бастап КОКП мүшесі. 1957 – 1958 жылдары қайтадан байыту фабриканың технологы болды. 1958 – 1959 жылдары Жезді марганец кеніші партбюросының хатшысы. 1959 – 1960 жылдары Қарсақбай мыс зауыты партбюросының хатшысы. 1960 жылы 29 шілдеде Қ. Бексұлтанов Қарсақбай мыс зауытының директоры Купряков Ю. П. ғылыми жұмысқа ауысуына байланысты оның орнына директор болып тағайындалды. Зауыт директорлығына әріптесі, әрі тұңғыш қара домалақ қазақ баласы тағайындалғанын қарсақбайлықтар тәубе десіп, қушақ жайып, мақұлдап қарсы алды. Оған тағы бір себеп бар. Куанышбек қарапайым халық тілегіне сергек, өз ісінің білгірі, екі сөйлемейді, гуманитарлық салада да білімі терең, насихатшы. Осының заңды көрінісі оған Қазақ КСР-іне еңбек