Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Сағындық Қожамсейітов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Биографии и Мемуары
Год издания: 0
isbn: 9785005105080
Скачать книгу
басып озу туралы ұран тастайды. Аудандық партия комитеті біраз зауыт жұмысшылар-қызметкерлерін, олардың ішінде Ахметовтер бар жаңадан құрылып жатқан «Қарсақбай» кеңшарына жұмысқа жібереді. Ерлі-зайыптылар бір отар қой алады. Қозыны егіздетіп, қойды семіздетіп, жоғары өндірістік көрсеткіштерге жетіп, социалистік жарыста әрдайым алда жүреді. Отағасы Мақпұл зейнеткерлікке шыққанда, аға шопан таяғын жұбайы Сәтжан алады. Екеуі де Еңбек Қызыл Ту ордендерімен (1966, 1973), Мақпұл «Ерлік еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» (1971), Сәтжан «Ерлік еңбегі үшін» (1976) медальдарымен марапатталған. Коммунистік еңбек екпіндісі Сәтжан Бүкілодақтық Халық шаруашылығы жетістіктері Көрмесінің Бас Комитетінің қола, күміс, алтын медальдарымен марапатталған. Ахметов Мақпұл 1990 жылы, Сәтжан 2009 жылы дүниеден өтті.

      Ахметов Мақпұл, Сәтжан

      Ахметов Смайыл (1896, кәзіргі Қарсақбай кенттік округі – ө.ж.б.) – атақты мыс балқытушы-металлург. Еңбек жолын 1926 жылы Қарсақбай темір жолының құрылысында жер қазушы болып бастаған. 1928 жылы металлургиялық цехте тиеуші. 1930 жылы сол цехте горновой. 1932 жылы аға горновой. 1937 жылы бастап балқытушы, кейін шебер болды. 1939 жылы сталиндік қуғын—сүргіннің уысына ілініп, ІІХК әскери трибуналының тергеуі кезінде ақталып, тұтқыннан босатылып шықты. 1939—1951 жылдары 5 разрядты шихташы, мыс балқытушы. Зауытта жыл сайын жұмыс нормасын 105—108% орындап отырған. Әсіресе ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде аянбай тер төккені жоғары жақтан бағалаңған. «Социалистік жарыстың үздігі» (1943) төсбелгісінің иегері. «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен (1946), Еңбек Қызыл Ту орденімен (1949) марапатталған.

      Ахметов Смайыл

      Ашаршылық нәубеті. 1931—1932 жылдары төңірек тұрғындарының назары Қарсақбайға ауды, ағайын-ауыл болып зауыт жұмыс істеп тұрған өндірісті мекенге шұбырды. Бірақ, Қарсақбайдың өз жағдайы онша емес болатын. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Шиленков атап көрсеткендей, «қазірдің өзінде кедейлердің бір бөлегінің жағдайы өте ауыр. Соның салдарынан аштықтан бірқатар кісі өлімі болды». Бұл жағдайды аудан прокуроры Мычиннің аудандық партия комитетіне 1932 жылы 5 қазанда жолдаған хаты айқындай түсті. «Азық-түліктің жоқтығынан түрмеде отырғандардың апатты жағдайын сіздерге хабарлаймын. Соңғы уақытта кісі өлімі көбейді. Түрмедегілердің барлығы төсек тартып жатыр. Құр сүлделері қалды. Келешекте жағдайдың оңалатынына үміт жоқ», – әңгімені көңілсіз аяқтаған ол. Бұның үстіне шыбын жанына дауа іздеп әртараптан келгендер бар. Тек Батпаққарадан аш-жалаңаш 6000-дай адам жеткен. Аудандық партия, атқару комитеттері аш тобырларды сақтап қалу үшін ауданның қорынан мүмкіндігінше азық берді, ағайын туыстары да аянып қалған жоқ. Сонымен қатар 1000 отбасын сұраған Мақтаарал ауданына баруға келіскен 572 кісі 1932 жылғы жазда комбинаттың автокөліктерімен Жосалы станциясына жеткізілді. Мұндай автокөлік керуені жалғаса берді.

      Көшелерде ата-анасыз, туған-туыссыз