Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Сағындық Қожамсейітов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Биографии и Мемуары
Год издания: 0
isbn: 9785005105080
Скачать книгу
Ғе мөлшері 40%-ке жетеді. Барланған қоры 125,5 млн. т, оның 80%-ін ашық әдіспен өндіруге болады. Кенді байыту технология жоқтығынан Балбырауын темір кені игерілмей келеді.

      «Ұлытау. Ұлытау ауданы» энциклопедия. Астана, 2018. 151-бет.

      Балқыбаев Әбдірасыл (1931, т.ж.б. – 2010, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы) Қарсақбай фабрика-зауыт мектебінде оқып, жөндеуші, флотатор мамандықтарын меңгеріп шығады. 1948 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытының байыту фабрикасына әуелі классификаторшы, кейін диірмен машинисі болып тағайындалды. Табиғатында сөзден гөрі еңбекке бейім жас жігіт бұл жұмысты қысқа мерзімде игеріп, дөңгелетіп әкетті. Өткен ғасырдың 60-жылдарының басында Жезқазғанда қуатты байыту фабрикасы салынып, Қарсақбайдағы фабрика өз жұмысын тоқтатты. Балқыбаев Жезқазғанға жұмысқа шақырылды. Жезқазғандағы байыту фабрикасындағы өндіріс технологиясы Қарсақбаймен салыстырғанда күрделі екен. Сондықтан да ішінде Балқыбаев бар бірнеше қарсақбайлық жігіттерді Балхаштағы комбинатта өндірістік тағлымдамадан өткізуге жіберді. Бұл жылы көп нәрсеге көзі қанығып, үйреніп, біраз нәрсені ой сарабынан өткізіп, көңілге түйіп қайтты. Жезқазған байыту фабрикасында да диірмен машинисі болып істеді. 1988 жылы зейнеткерлікке шыққанда осы мамандық бойынша еңбек өтелі барлығы 40 жыл болды.

      Балқыбаев Әбдірасыл

      Балқыбаев Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

      Балтабаев Байжан (1910, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы, Бала Жезді – ө.ж.б.) Еңбек жолын 1932 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытының металлургиялық цехында қара жұмысшы болып бастаған. 1932—1934 жылдары Орталық электростанциясында шуровшы. 1934—1936 жылдары Қарсақбай темір жолында жұмысшы. 1936 ж. металлургиялық цехке жұмысшы болып ауысты. 1936—1937 жылдары сол цехте жүк тиеуші. 1937—1939 жылдары кіші горновой, ал 1939—1946 жылдары аға горновой болды. 1939 жылдан бастап БК (б) П мүшесі. Алдына қойылған еңбек жоспарын күн сайын орташа 107% орындап отырды. Қарсақбай мыс қорыту зауытында Б. Балтабаевтың адал еңбегі жоғары бағаланды. «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен, бірнеше рет ақшалай сыйлықтармен марапатталған.

      Бапов Әйтен (1920, Қостанай губерниясы, Торғай уезі, Қайдауыл болысы, №5 ауыл – 1986) – ІІ дүниежүзілік соғысының ардагері. 1944 жылдан бастап Қарсақбай кенттік кеңесі атком төрағасы, кейін Қарсақбай мыс қорыту заводының кадр бөлімінің бастығы, Қарсақбай МТС-да, «Байқоңыр» кеңшарында партком хатшысы, «Шеңбер» кеңшарының директоры қызметтерін атқарды. 1976 жылдан өмірінің соңына дейін «Жайремтяжстрой» тресінің кадр бөлімінің бастығы. Бапов І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

      Бәйменов Әлихан Мұхаммедияұлы (1959, Қарағанды облысы, Жезқазған ауданы, Қарсақбай кенті) – мемлекет және қоғам қайраткері, Техника ғылымдарының кандидаты (1988), доцент (1991). Жаратылыстану ғылымдары Ұлттық Академиясының мүшесі. Қарағанды политехникалық институтын (1981) бітірген. 1981—1992 жылдары