Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Сағындық Қожамсейітов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Биографии и Мемуары
Год издания: 0
isbn: 9785005105080
Скачать книгу
rel="nofollow" href="#image13_5a4a45b38e3f280700ca8c68_jpg.jpeg"/>

      Әбдірахманов Төлеген

      Әбиев Білал (1900, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Ақтұма ауылы – ө.ж.б.) 1917 жылдан Атбасар ауданының Құлымбай ауылында малайлық еткен. Қарсақбайда болған Сабит Мұқанов Білал Әбеевтің үйінде бірнеше күн болады. Ерлі-зайыпты жастар Білал мен Қасым жөнінде жылы лебізбен жазады. Әбей зауытта көсеуші (кочегар болып істейтін). «Қазақша шығатын газет, журналды көп қарайтын оның жап-жақсы сауаты бар» – деп атап көрсетеді. (С. Мұқанов. «Есею жылдары». 3-ші кітап. Алматы, «Жазушы» баспасы. 1970, 340-бет). 1926—1934 жылдары Қарсақбай мемлекеттік мыс комбинатының Жезқазған кенішінде кен қазушы, кеніш басқарушысының орынбасары, мыс қорыту зауыты партия комитетінің хатшысы. 1936—1937 жылдары Алматыдағы марксизм-ленинизм институтының тыңдаушысы. 1937 жылы марксизм-ленинизм институтының екінші курсынан Байқоңыр көмір кенішінің партком хатшы қызметін атқаруға арнайы жіберілген. 1938—1940 жылдары Қарсақбайда, Қарағанды қаласындағы Сталин аудпартком бірінші хатшысы. Мемлекеттік марапаттары бар.

      Әбсаттаров Бектай Әшірбекұлы (1923, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы, Қарсақбай кенті – 29.09.2002) – ІІ дүниежүзілік соғысының ардагері. Еңбек жолын Қарсақбай мыс зауытында бастаған. 1942 жылы 17 маусымда өз еркімен майданға аттанған. Солтүстік-Батыс майдандағы артиллерия батальонының құрамында Курск доғасындағы ұрыстарға, Берлинді алуға қатысқан. Аумақтық партия органдарында, қалалық және ауылдық сауда жүйесінде жауапты қызметтер атқарған. І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы», екі мәрте Қызыл жұлдыз, ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерінің және бірнеше медальдардың иегері. Жезқазған қаласының Құрметті азаматы.

      Әбсаттаров Бектай

      Әбуов Бақ (1906, Ақмола облысы, Кеңгір болысы – ө.ж.б.) – Қарсақбай мыс балқыту зауытының күрделі құрылыс бөлімінің атақты пеш салушысы. Зауытқа 1928 жылы келген. 1930 жылға дейін қара жұмысшы болып істеп жүріп, ерен еңбегімен көзге түскен. Пеш салу және тас қалау ісі бойынша шәкірттікке ұсынылған. 1930 жылдан бастап пеш салушы және тас қалаушы болып, он жылдан астам уақытта жоспарды асыра орындап, өнім сапасын арттырып отырған. Сондай-ақ, 1940 жылы 9 ай ішінде Әбуов жоспарды 155% орындаған. Өмірінің соңғы жылдары Ұлытау ауданының «Қаракеңгір» кеңшарының құрылыс телімінде қалаушы болып еңбек етті.

      Әбілдинов Құлмағанбет (1914, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы – 2003, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы) Қарсақбай зауытының мыс балқыту телімінде металл балқытатын конверторлік пештердің жөндеуші-шебері болып еңбек етті. Өндірістің қалыпты жұмыс істеп, сапалы өнім шығаруға маңдай терімен үлес қосқан Құлмағанбеттің еңбектегі ерлігін көргендер әлі күнге дейін таңдай қағады. Металды балқыту температурасы өте жоғарғы екені белгілі. Сол пештерді суытуға уақыт өткізбеймін деп, құлаған кірпіштерін, от камерасына дем беретін ауа үрлегіш көздерін қып-қызыл пешке кіріп жөндегенін көргендер аз емес. Мұндайда Құлекең үстіне әлсін-әлсін суық су құйғызып тұрып жұмыс істейді екен.

Скачать книгу