Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Сағындық Қожамсейітов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Биографии и Мемуары
Год издания: 0
isbn: 9785005105080
Скачать книгу
атқарды. 1930 жылдан бастап БК (б) П мүшесі. 1930—1933 жылдары Магнитогорск қаласындағы домна цехында шебер, домналарды монтаждау бойынша прораб болды. 1932 жылы домна пештерін монтаждауда нормасын асыра орындаған үшін Одақтық атқару комитетінің алғыс хатымен және ақшалай 200 рубльмен марапатталған. 1933—1934 жылдары Мариуполь қаласындағы «Азовсталь» зауытында Мартен пештерін монтаждау бойынша шебер болып істеді. 25.10.1934 жылы Харьков қаласындағы Украина өнеркәсіп академияның металлургия факультетіне түсіп, 15.07.1938 жылы болат құюшы мамандығын алып шықты. Богатырев 1938 жылы 17 тамызда КСРО Ауыр өнеркәсібінің халық комиссары Л.М.Кагановичтың өкімімен Қарсақбай мыс қорыту комбинаты директорының орынбасары етіп тағайындалды. 1500 рубль жалақы бекітіліп, жеке пәтер берілді. 1938 жылы Қарсақбай комбинатынан Жезқазған мыс кеніші заңды тұлға болып бөлініп шықты. Байқоңыр көмір ошағы Қарсақбай мыс зауыт құрамында қалды. Зауыт директорлығына Богатырев тағайындалды.

      Болманов Қыдырәлі Нұртайұлы (1964, Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Өрнек ауылы) Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық академиясын (1991) бітірген. 1987 жылы Грозный қаласында жас әншілер конкурсында лауреат атанған. 1988 жылы «Жігер-88» республикалық конкурсының лауреаты, 1990 жылы Данияда өткен «Борнхольм-90» халықаралық конкурсының бірінші орын иегері, 1991 жылы «Азия дауысы» халықаралық конкурсының дипломанты. 2001 жылы «Золотой диск» атты конкурстың жүлдегері болған. 2010 жылы «Бал-бала» атты ұлттық реңктегі ойыншықтар жасау жобасын іске асырған және осы идеяның авторы. 2001 жылы ҚР Прзиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан Алғыс хат алған. Ұлытау ауданының Құрметті азаматы.

      Болманов Қыдырәлі

      Боранбаев Иса (1923, Қостанай облысы, Торғай уезі, Қайдауыл болысы, Байқоңыр кенті – 1984). Жастайынан әкеден жетім қалған он бір жасар жасөспірімді кеңес органдары Шымкент қаласындағы жетім балалар үйіне тапсырған. Оқуды жақсы оқыған Боранбаев Түркістандағы мәдени-ағарту қызметкерлерін даярлайтын екі жылдық мектепке оқуға жіберілген. 1942 жылы қаңтар айында өзі сұранып ҰОС аттанды. Елге 1945 жылы оралғаннан кейін Қарсақбай аудандық партия және атқару комитетінің жауапты қызметтерде істеді. Жезқазған кен-металлургия комбинатының мыс қорыту заводында партком хатшысы, қалалық атқару комитетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. СОКП Орталық Комитетінің 1954 жылғы ақпан-наурыз Пленумдарының қаулыларына сәйкес отыз мыңдықтардың сапында В. И. Ленин атындағы ұжымшардың басқарма төрағасы болып сайланды. 1957 жылы наурыз айында оның негізінде құрылған Сарысу кеңшарының директоры. «Сарысу» кеңшары асыл тұқымды еділбай қойын өсіретін ірі қой зауытына айналды. 1973 жылы Жезқазған облыстық ауыл шаруашылығы жайылымдықтарын суландыру басқармасының бастығы болып тағайындалды. Еңбек Қызыл Ту (1964) орденімен, медальдармен марапатталған.

      Боранбаев Иса

      Бөкейханов Сергей (Үгедей) Әлиханұлы (1905—1957) – инженер-геолог. Алаш Орда автономиясын қалаушылардың бірі, «Алаш» қазақ ұлттық партиясының төрағасы, сол саяси аласапыран кезде ұлт көсемі атанған