Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1636-9
Скачать книгу
әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйенің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді.

      Атамекен жеріміздің тәуелсіз ел екендігін, құдіретін, байлығын, бірлігін, мақсат-мұратын білдіретін қастерлі рәміздерді құрмет тұту, сыйлау, асқақтата дәріптеу – қазақстандық әрбір азаматтың ең қымбатты борышы. Рәміз дегеніміз – белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр-таңба, эстетикалық категория, шартты белгі. Елтаңба, ту, әнұран – әрбір тәуелсіз мемлекеттің ажырамас бөлігі. 1992 ж. 4 маусым – Қазақстан тарихында мемлекеттік рәміздердің дүниеге келген ерекше мәртебелі күн.

      Қазақстан Республикасы туының авторы – Ш. Ниязбеков. Тудың біртүстілігі Қазақстан халқының бірлігін білдірсе, көгілдір түс геральдика тілінде адалдықты, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны, күн – энергия көзі, байлықтың нышаны. Тудағы бүркіт бейнесі мемлекеттік билікті, кеңдікті білдіреді, еркіндіктің, тәуелсіздіктің, болашаққа деген талпыныстың нышаны.

      Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі – оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда қошқар мүйіз деп аталатын қазақы өрнек салынған. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов. Елтаңба мәңгі өмірдің белгісі, отбасы берекесін, бірлікті, байлықты, бейбітшілікті меңзейді. Бастапқыда Қазақстан әнұраны әуенінің авторлары – композиторлар М. Төлебаев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди, мәтінінің авторлары ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева болды. Әнұранда халқымыздың еркіндікке құштар көңілі, тамыры терең болмысы, келешегіне бағышталған арманы көрініс тапты. Әнұран – патриоттық сезімнің белгісі. Әнұранның әуені 1992 ж. 4 маусымда, ал мәтіні 1992 ж. 11 желтоқсанда бекітілді.

      Ал 2007 ж. 7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы әнұранның орнына жаңа әнұранның мәтіні қабылданды. Еліміздің жаңа әнұраны – жұртқа әйгілі «Менің Қазақстаным» әні. Оның сөзінің авторы – Жұмекен Нәжмеденов, ал ән әуенінің авторы – Шәмші Қалдаяқов. Жаңа әнұранның мәтіні бүгінгі өмір талаптарына сай ҚР президенті Н.Ә. Назарбаев тарапынан толықтырылды.

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы конституциялық заңының 1-бабында мемлекеттік рәміздерге былайша сипаттама беріледі: «Мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының