– президент үкімет мүшелерін тағайындайды;
– президент өз қалауы бойынша, үкімет мүшелерін қызметтен босатады;
– президенттің парламент қабылдаған заңдарға тыйым салуға құқығы бар;
– конституцияда көзделген ретте президент заңдар, сондай-ақ заң күші бар жарлықтар шығарады;
– президент заңдардың қабылдану кезектілігі мен жеделдігін белгілей алады;
– президент парламентті тарата алады;
– президент лауазымы бойынша, Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы болып табылады;
– президент мемлекеттің, демек, үкіметтің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын өз қалауынша айқындайды;
– президенттің өз қалауынша парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыруға құқығы бар;
– президенттің өз қалауынша референдум өткізуге құқығы бар;
– президенттің елде төтенше жағдай енгізуге, оның бүкіл аумағында немесе жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізуге, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялауға шектеулі құқығы бар;
– президенттің кешірім жасауға, марапаттауға, азаматтық беруге құқығы бар55.
Қазақстан Республикасы президенті мәртебесінің аталған ережелері өзіндік ерекшеліктері бар президенттік басқару формасының орнатылғанын айғақтайды. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Елбасы атап көрсеткендей, «президенттік республика моделін таңдап алып, біз елді посткеңестік экономикалық және саяси бейберекетсіздіктен шығардық»56.
1995 жылы жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының конституциясы президентті азаматтардың құқы мен бостандықтарын қорғаудың, сондай-ақ мемлекеттік биліктің барлық тармақтары мен институттарының тиімді және үйлесімді қызметінің кепілгері ретінде айқындап, президенттік билікті нығайта түсті.
Президент институтының қазақстандықтар арасындағы жоғары беделі 1999, 2005, 2011 жылдардағы баламалы жалпыға ортақ президенттік сайлау өткізу барысында нақты қуатталды.
Республика президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Мемлекет басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты.
2011 жылы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы президентін кезектен тыс сайлау Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың берік сеніміне және қолдауына ие болған тарихи тұлға екендігін тағы да дәлелдеп берді. Бүгінгі Қазақстан – өзінің ел таныған ұлттық лидері бар, демократиялық қоғамды орнықтыруды басты мақсатына айналдырған, дүниежүзілік қауымдастық мойындаған тәуелсіз ел. Бұрын біз басқалардан үйренген болсақ, енді басқа елдер біздің тәжірибемізді