Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1636-9
Скачать книгу
деп көрсетілді. Себебі орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттердің жаңа одағын – Тәуелсіз мемлекеттер достастығын (ТМД) құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді, – деп атап көрсетілді45.

      Алайда бұл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапынан қарсы көзқарастар туғызды. Өйткені заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бұл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне, осыған байланысты 1991 жылдың 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда ТМД-ға тек барлық республикалардың тең құқықтық негізінде құрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы ерекше атап көрсетілді.

      Ашхабад қаласында Қазақстан және Орта Азия республикалары басшыларының кездесуі. 12 желтоқсан 1991 ж.

      1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілі қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан Достастық мемлекет басшылары және үкімет басшыларының кеңесі деген жетекші органдар құрды. Онда жалпы бағыттағы көкейкесті саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен ұлттар ұйымы алдында бұл тәуелсіз мемлекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы өтініш жасады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды. ТМД осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті. Сөйтіп, 1991 ж. желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды46.

      ТМД-ның құрылуы. Алматы, 21 желтоқсан 1991 ж.

      Міне, осындай күрделі жағдайда республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР-дың президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламенті 1991 ж. 20 қарашада қабылдаған Қазақ КСР-дың «Қазақ КСР-ында мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» заңы бойынша берілді Скачать книгу


<p>45</p>

Қазақстан тарихы: лекциялар курсы / ред. басқ. т.ғ.д., профессор Қ.С. Қаражан. – Алматы: Нұрпресс, 2011. – 324-б.

<p>46</p>

Мұқатова Д. КСРО-ның күйреуі және жаңа одақтардың құрылуы // Қазақ тарихы – 2007. – №°1. – 121-б.