Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1635-2
Скачать книгу
елдің қоғамдық-саяси өмірінде еуропоцентризм басым болды, кеңестік республикалардың тарихы 1917 ж. басталады деген ой насихатталды. КСРО халықтарының дамуында орыс мәдениеті басым рөл атқарды деген үдеріс ұлттық тарихтың ұмытылуына, тарихи жадтың жоғалуына алып келді, кеңестік кезең тарихын дәріптеу жүргізілді. 1954 ж. Ташкентте өткен сессия қазақ жерлерінің қосылуының прогрессивті маңызын көрсететін тұжырымдаманың бекітілуіне жәрдемдесті. Сессияда осы тұжырымдаманың дайындалуына әсер еткен Орта Азия мен Қазақстанның революцияға дейінгі тарихы мәселелері қарастырылды. Алдымен, осы өлкенің әр түрлі нақты тарихи жағдайларда және әр түрлі жолдармен Ресейге қосылуы жүз жылдан астам уақытқа созылғандығы белгіленді. Ұлттық республикалар тарихшыларының бұл қосылуда Ресейдің алдыңғы қатарлы экономикасы мен демократиялық, революциялық, қоғамдық-саяси ойының әсерінен халықтардың саяси, экономикалық және мәдени дамуының прогрессивті маңызын бағалаудағы пікірлері ортақ болды. Осылайша, мәселенің тарихнамасы дамуының келесі кезеңі қосылудың ерікті түрде болғандығын негіздеумен, прогрессивті нәтижелерді көрсетумен және отарлау саясатын бағалаудағы қатты сынамау ұстанымымен сипатталады (Г.Ф. Дахшлейгер, В.Я. Басин, Т.Ж. Шойынбаев)59.

      1980 жылдардың соңы Кеңес Одағының ыдырауымен басталды, демократиялық қайта құрулар мен ұлттық жаңғыру үдерістері өткенге деген қызығушылықты арттырды, қайта зерттеуді қажет ететін қазақ тарихындағы «ақтаңдақтар» анықталып, көптеген мәселелер, соның ішінде Ресейге қосылу мәселесі жаңадан қарастырыла бастады. 1990 ж. шілдеде «Отарлау жағдайындағы ұлтық қозғалыстар: Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Кавказ» атты дөңгелек үстел өтті. Ғалымдардың баяндамаларында қосылудың жағымсыз салдары туралы және қазақ қоғамының шынайы тарихын жазуға қажетті жаңа методологиялық ұстанымдарды іздеу қажеттігі мәселелері көтерілді. Осы уақыттан бастап «қосылу» терминімен қатар «жаулап алу», «кіру» және «бағыну» сияқты терминдер ғылыми айналымға қайта кірді. Белгілі тарихшы И.В. Ерофеева әр түрлі кезеңдердегі кеңестік тарихшылардың жұмыстарына талдау жасай келе, маркстік-лениндік методологияның бекітілуі жағдайында осы мәселені дайындау қоғамдық ғылымдарда сыни меңгеріліп, революцияға дейінгі тарихнаманың көптеген жетістіктерін асыра бағалаумен жалғасты деді60. 1990 жылдары Ресей империясына қосылудың нәтижесінде тәуелсіздіктен айырылу фактісін зерттеу және талдау мәселесі күн тәртібінде тұрды. Тарихшылар қазақ хандарының Ресей үкіметіне баруының себептерін зерттеді, бұл тарихи үдерістің барысы мен салдарын, сонымен қатар мәселенің тарихнамалық аспектісін қарастырды.

      1990 жылдардың соңынан бастап екі концептуалды ұстанымның болуы осы мәселенің күрделілігі мен көпқырлылығын айқындайды. Отандық тарихшылардың бірінші тобы (Ж.Қ. Қасымбаев, Б.Б. Ирмуханов және т.б.)61 Кіші жүз бен Орта жүздің бір бөлігінің Ресейге бастапқыда баруы ерікті түрде болды


<p>59</p>

Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе России в ХVIII – начале ХХ века. – Алма-Ата, 1981. – 247 с.; Тулепбаев Б.А. Плоды великой дружбы: (К 250-летию добровольного присоединения Казахстана к России). – М., 1982. – 48 с.; Шоинбаев ТЖ. Добровольное вхождение казахских земель в состав России. – Алма-Ата, 1982. – 279 с.

<p>60</p>

Ерофеева И.В. Экономические связи Казахстана с Россией в русской историографии XVIII первой половины XIX века // Вопросы историографии и источниковедения Казахстана (дореволюционный период). – Алма-Ата, 1988. – 262 с.

<p>61</p>

Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств (XVIII в.). – Алматы, 1999. – 228 с.; Ирмуханов Б.Б. Казахстан: Историко-публицистический взгляд. – Алматы, 1996. – 232 с.