Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1635-2
Скачать книгу
жалғастыруға кедергі келтірді. Патша үкіметі қазақ көшпенділеріне енді күнде шабуыл ұйымдастырып отырды. Сол себептен де Кенесары Қасымұлы қазақтардың ұлт азаттық қозғалысының орталығын Ұлы жүз территориясына қарай ауыстырды.

      Кенесарының Орталық Қазақстан даласынан көшуі қазақтар үшін ауыр соққы болды. Кенесары ауылымен бірге Торғай ауданынан Жетісу мен Сырдарияға қарай көшеді. Бұл жерде ол Ұлы жүз қазақтарының басын біріктіріп, Қоқан хандығы мен патшалық Ресейге қарсы қырғыздармен одақтасуды қолға алады. Сонымен қатар бұл кезеңде достық қарым-қатынаста болған Қытайға арқа сүйейді. Кенесары өзінің уәкілін қытайлық билеушілермен келіссөз жүргізуге Құлжаға жібереді.

      Құлжада Кенесары елшілігіне ерекше құрмет көрсетіледі. Кенесары болашақта бейбітшілік қарым-қатынасын сақтап, қазақтарға қолдау көрсетуге уәде берген қытайлық императормен дипломатиялық келісім жүргізеді.

      Кенесарының Қоқан хандығы және қырғыз манаптары мен күресі.

      1845 жылдың күз айында қоқандықтармен соғыс басталды. Кенесарының жеке жасақтары қазан-қараша айларында Жаңақорған, Жөлек, Созақ бекіністерін күшпен алды. Кенесары әскерінің бір бөлігі Түркістан мен Ташкентке бет алды. Кенесары әскерінің негізгі күші қоқандық бекінісі Ақмешітке қарсы шабуылдап, оны қоршап алды. Алайда әскер арасында жұқпалы ауру таралып, көптеген адам көз жұмады. Қоқан және Бұхар хандықтары өзара одақтасып, қазақтарға қарсы біріккен шабуыл ұйымдастырғалы отырғандары мәлім болады.

      Бұл жағдай Кенесарыны Ақмешітті қоршаудан уақытша босатып, оңтүстік-шығыс Қазақстанға қарай Балқаш көлі мен Іле өзені жағалауларына көшуге себеп болды. Онда Нюхалов пен қазақ сұлтандарынан құралған орыс жасақтарына қарсы шайқаста Кенесары жағында болған үйсін, жалайыр және найман руының қазақтары қуанышпен қарсы алады. Сол уақытта Кенесарыға қарсы Қарқаралыдан Құнанбай Өскенбайұлы, Аягөзден Барақ Сұлтанбайұлы, Іле ауданынан Нұралы Әділұлы бастаған сұлтандардың біріккен қолын дайындайды. Патша жасақтары мен сұлтан әскерлерінің біріккен күшіне басшылық жасауға генерал-майор Вишневский тағайындалады. Кенесары өз әскерлерімен Балқаш көлінің қолжетімсіз бір аумағына бекініп, олардың жақындауына мүмкіндік бермеді. Вишневский қазақ сұлтандарымен бірге Кенесары жасағына тосқауыл қоюды шешті. Қоршаудың ұзаққа созылуына төзе алмаған Кенесары және оның әскері Іле өзенінің сол жағалауына шығып, сол аймақтан Алатау етегі мен Шу өзені жағалауында орналасқан Ұлы жүздің орталық аудандарына көшеді. Жамбыл ақын жырлаған Дулат руынан шыққан Тойшыбек, Саурық, Сұраншы және Байзақ батырлар Кенесары әскеріне қосылып, Қоқан хандығы мен патшалық Ресейге қарсы біріккен шайқасқа әзірленеді. Кенесары шет аумақтарда көшіп жүрген қазақтарды шайқасқа қатысуға үндеу тастайды.

      Кенесары өз өкілдерін алатаулық қырғыздарды да Қоқан хандығы мен орыс отаршылдарына қарсы күш біріктіруге шақыруға аттандырады. Алайда бұл келіссөздер сәтті болмады. Ұрман мен Жантай