Беркенің Жошы ұлысын тәуелсіз мемлекетке айналдырғанын оның өз атынан теңге шығарғанынан көруге болады. Алтын Орда біртұтас моңғол империясына бағынышты болған Бату хан тұсында Алтын Ордадағы теңгелер ұлы хан Мөңкенің атымен құйылатын. Беркенің өзі де алғашқы кезеңде Арықбұғаның атынан теңге соқтыра бастайды. Бірақ Құбылай ұлы хан болғаннан кейін Берке оның атынан теңге соғудан бас тартты, бұл іс жүзінде Құбылайды жоғарғы хан ретінде мойындаудан бас тарту болды. Бірақ бұл кезеңде Жошы ұлысының тәуелсіздігін моңғол ханзадалары әлі де болса толық мойындамағандықтан Берке соңғы халиф Насир-ад-дин атынан теңге соға бастады, дегенмен бұл тек халифтердің рухани билігін мойындайтындығын ғана көрсетті.
Берке билік құрған жылдары Алтын Орданың бұдан кейінгі тарихына әсер еткен тағы бір оқиға орын алды. 1263 жылы Жошы ұрпақтарының Ирандағы өз туыстары Хулагуидтерге қарсы соғыстары басталды. Шыңғыс ханнан тараған екі әулет өкілдері де көшпелілер үшін өте тартымды және бай аймақ болып саналатын Әзірбайжан провинциясын бөлісе алмайды. Бұл жерде талас-тартыс әсіресе ерекше көрнекті далалы аудандар Муган және Аррен аймағы үшін болды.
Бұл күресте Алтын Орда билеушісін хулагиттердің өз иеліктеріне қарсы экспанциясынан қауіптенген Мысыр мәмлүктері қолдады. Күрес барысында екі жақ та белгілі бір жетістіктерге жете алмады. Бірақ Алтын Орда Иранның астанасы Тебризді басып ала алды. Беркенің өзі 1266 жылы Хулагуидтерге арналған бір жорығы кезінде Тибилиси маңында қайтыс болды. Оның орнына келген Меңгу-Темір алдыңғы үш хан секілді исламның таралуына ешқандай көңіл бөлмеді. Нәтижесінде исламды Алтын Ордаға енгізу тек жаңа діннің отырықшы аудандарға таралуымен және қалаларда мұсылман дінбасыларының қалыптасуымен ғана шектеліп қалды. Бату және Берке хандар билік құрған кезде Алтын Орда мемлекет ретінде ғана қалыптасып қойған жоқ, сонымен бірге қоғамдық басқару жүйелері орнығып, Еуропа және Азия елдерімен экономикалық байланыстар орнатты, ішкі саясаттың стратегиялық бағыттарының мүддесін жасады.
Алтын Орданың бұдан кейінгі дамуында оның негізін салушы хандар қалап кеткен ішкі және сыртқы саясатының барлық аспектілері одан әрі дами бастады.
1266 жылы Берке қайтыс болғаннан кейін хан атанған Меңгу-Темір билігі кезінде Алтын Орда өзінің Моңғол империясынан тәуелсіздігін заңды түрде алды. Жошы ұлысын заңдастыруға бағытталған істердің бірі МеңгуТемір атымен теңге шығару болып табылады. Алтын Орданың мемлекеттік тәуелсіздігін