Жасалынған және қабылданған инвестициялық саясаты инвестициялық механизмнің көмегінсіз іске асырыла алмайды.
Инвестициялық механизм – елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін инвестиция түрлерін, инвестицияны қаржыландыру және несиелеу көздері мен әдістерін, инвестициялық нарықтың қызмет етуіне қажетті нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестициялық тәуекелді басқарудың элементтерін қамтитын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.
В.П. Жданов өзінің оқу құралында инвестициялық механизмге былай түсінік береді: «инвестициялық механизм дегеніміз жұмыс жасап отырған өндірісті ұлғайту немесе жаңадан құрылатын өндірісті алдын-ала қаржыландыру мақсатында ұдайы өндіріске макро және микродеңгейлерде ықпал ететін құралдар мен тетіктердің, инвестицияны қаржыландыру көздерінің, әдістері мен формаларының жиынтығын білдіреді».
Кез келген экономикалық механизм өзара байланысқан, яғни оның бір элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуын немесе өзгеруін туғызатын элементтер жиынтығынан тұрады.
Сондай-ақ инвестициялық механизмнің басқа да экономикалық механизмдер сияқты өзіне тән ішкі құрылымдық элементтері бар.
Инвестициялық механизм құрылымы мынадай элементтерден тұрады:
– мотивациялық буын;
– инвестициялық қызметті ресурспен қамсыздандыру;
– құқықтық және әдістемелік жағынан қамсыздандыру;
– ұйымдық қамсыздандыру.
Мотивациялық буын – нақты инвестициялық механизмнің сыртқы экономикалық және әлеуметтік ортамен, тиісті экономикалық және шаруашылық механизмдермен өзара әрекет етуін қамтамасыз етеді.
Мотивациялық буынға потенциалды инвесторлардың өздерінің қаражаттарын салатын объектілерді анықтау барысында басшылыққа алатын барлық қызмет түрлерінің мотивтерін пысықтау және зерттеу шараларын қамтиды.
Инвестициялық қызметтіресурспен қамсыздандыру – нақты бір жобаның алдына қойған мақсатына жету үшін қажетті ресурстармен жабдықтау, сондай-ақ оларды алатын көздерді талдау және түрлерін зерттеуді көздейді. Инвестициялық қызметте пайдаланылатын ресурстар түрлерінің жіктелуі 1-кестеде берілген.
1-кесте
Инвестициялық қызметте пайдаланылатын ресурстар түрлерінің жіктелуі
2.4. Жобалық несиелеу ерекшеліктері
Жоба сөзі латын сөзінен аударғанда алға тасталған, яғни түпкі ой деген мағынаны білдіреді. Өндірісте және т.б. сипатта болсын кез келген жобаның инвестициясын қаржыландыруға