• мемлекеттік инвестициялар;
• жеке меншік инвестициялар.
5) аумақтық белгісіне қарай:
• шет елде инвестициялау;
• елдің ішінде инвестициялау;
6) пайдалану бағытына қарай:
• өндірістік бағыттағы инвестициялар;
• өндірістік емес бағыттағы инвестициялар.
Сонымен қатар инвестицияларды ішінара жіктеуге болады. Нақты инвестицияларды екі топқа бөледі:
1-топ. Өндірісті дамытуға жұмсалынған инвестициялар, соның ішінде:
– өндірісті қайта құру және техникалық жағынан қайта қаруландыруға;
– өндірісті кеңейтуге;
– жаңа өнім шығаруға;
– өнімді жаңғыртуға және жаңа ресурстарды игеруге.
2-топ. Өндірістік емес саланы дамытуға жұмсалынған инвестициялар, соның ішінде:
– тұрғын үй құрылысына;
– спорт және сауықтыру объектілерінің құрылғыларына;
– еңбек жағдайын жақсартуға;
– техникалық қауіпсіздік деңгейін арттыруға.
Портфельдік инвестициялар да екі топқа бөлінеді.
1-топ. Бағалы қағаздар сатып алуға бағытталған инвестициялар, соның ішінде:
– кәсіпорындардың акцияларын сатып алуға;
– облигациялар сатып алуға;
– басқа да бағалы қағаздар сатып алуға.
2-топ. Басқа кәсіпорындардың активтеріне жұмсалған инвестициялар, соның ішінде:
– өндіруші-кәсіпорын активтеріне қаражат салу;
– қаржы-несие мекемелерінің активтеріне салу;
– басқа да коммерциялық ұйымдардың активтеріне салу.
Бақылау сұрақтары:
1. Инвестиция дегеніміз не?
2. Инвестиция қандай белгілеріне байланысты және қалай жіктеледі?
3. Инвестицияның атқаратын қызметтері қандай?
4. Инвестиция макродеңгейде қандай қызметтер атқарады?
5. Инвестиция микродеңгейде қандай қызметтер атқарады?
6. Инвестицияның капитал жұмсалымынан айырмашылығы неде?
2. тарау
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ
2.1. Инвестициялық қызмет: мазмұны, объектілері мен субъектілері
ҚР заңына сәйкес инвестициялық қызмет – инвестициялауды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызметті сипаттайды.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде инвестициялық қызмет – пайда табу немесе қандай да бір тиімділікке қол жеткізу мақсатында инвестиция жұмсау және іс-тәжірибелік әрекеттер ретінде түсіндіріледі.
Жалпы инвестициялық қызметті екі жақты түсінуге болады. Кең мағынада инвестициялық қызмет – инвестициялық бағдарламалар мен жобаларға қаражат немесе капитал жұмсау, сондай-ақ инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға байланысты іс-тәжірибелік әрекеттердің жиынтығын, ал тар мағынада инвестициялық қызмет – инвестициялық процесті білдіреді.
Инвестициялық қызметке ықпал етуші факторларды төмендегідей екі топқа бөліп қарастыруға болады:
1-топ. Макродеңгейдегі немесе барлық сыртқы факторлар:
• салық