Е. Шаван нағыз аварды кермхионнан көруге болады дейді. Керм (Червь) – құрт, хион – жуан-жуандардың атауы, кей деректерде жень-жень, жужан деп те кездеседі. Яғни жужан атауының мағынасы құрт, жәндік дегенді білдірген. Жужандар мокула тайпасымен араласқан, қытайлықтар мокула тайпасына жиіркенішпен қараған, осы кемсітілген атау батыста Иран формасында керм+хион деп сақталған. Шаванның пікірінше, «жуан-жуандар» деген – қытайлардың кемсітіп қойған бұралқы сөзі, ол тайпаның шын аты – «мұқылы». Сәнби ұлысы Тан-ши-хуайдың әскерін құрғандар –«мукиндер», ал оның билігі тұсында ыдырағандардың бірі «мұқылы» болса, яғни осы мокула, мукри, мұқылы атауларындағы ұқсастықтың өзі бұл үшеуі бір тайпа емес пе екен деген сұрақ туғызады. Приск Панийский мен Феофилакт Симокатта еңбектерінде «нағыз аварларды» келтірген, Еуропа ғылымында осы аталған деректердегі «нағыз аварлар» жужандар емес пе деген пікір көп таралған. Бір қызығы, батыстық деректерде VІ ғасырда Еуропаға келген аварлар мен «нағыз аварлар» арасында ешқандай байланыс жоқ деп дәлелдеуге тырысқан. Бірақ осындай болжамдарға қарамастан Еуропалық аварлар мен жужандар арасында байланыс бар сияқты.
Кей деректерде аварларды хиониттер, вархиониттер деп атап, олар ғұн дәуірінде Сырдария өзенінің төменгі ағысында өмір сүрген көк көзді, сары адамдар болған деген мәліметтер бар. Ф. Симокатта аварларға өте денелі, мерген жауынгерлер деп баға берген.
581 жылдан бастап Түрік қағанаты, Істеми батысқа жорығын бастайды. VІ ғасырдың ортасында Арал теңізінің теріскей бетінде түрік қағаны хуни (хиониттер), уар мен огорлар тайпаларының қарсылығына ұшырайды. Тек 558 ж. ғана бұл тайпалар талқандалады да, түріктер түркілердің бағынғысы келмегендерін, алдына салып айдап, Еділден бірақ шығады. Олар уар мен хунни тайпаларының бір бөлігі – не бары 20 мыңдай адам еді, кейін олар бір халық – авар болған.
VІ ғасырдың ортасында аварлар түрік қағанына бағынғаннан кейін, Менандрдың хабарлауынша, олардың бір бөлігі 20 мың адам батысқа Кавказдың шеткі аймақтарына қашып келіп, Византиямен қатынас жасайды дейді. Жылнамашының көне славян тіліндегі аудармасынан мәліметті сөзбе-сөз келтірейік: … «Авары после долгого скитанія пришли к Аланамь, и просили ихь вождя Саросія, чтобъ онъ познокомиль ихъ съ Римлянами. Саросіи известиль о томъ Юстина, сына Гермонова, который въ то время начальствоваль надь войскомь, находившимся въ Лазикъ. Юстинъ днесь опросьбе Аваров царю Юстиніану, который велель полководцу отправить посольство Аваровь въ Византію. Первым посланикомь этого народа быль избран нъкто по имени Кандихъ» (Яғни аварлар ұзақ уақыт бойы басқыншылықтан кейін, Алан көсемі Саросияға келіп, оларды римдіктермен таныстыруын сұрайды. Саросия осы жағдайға байланысты Лазикада тұрған әскер басшысы Германның баласы Юстинге хабардар етеді. Юстин аварлардың өтінішін Юстиниан