Бірақ моңғолдық белгілер V-VІ ғ. болған деп көрсетілген. А.Н. Бернштамның тұжырымдауы бойынша, жужан атының авар атауына ауысуы және олардың ежелгі аты – вархуни, кермхиондар сияқты өзгеруі дәл осы Сырдария мен Арал өңірінің даласында болуы мүмкін дейді. Осы жерде мүмкін шығыс жужандық этникалық элементтері «ғұн қоныстарына» отырықшы ғұндар, яғни жужандар өздерінің жалған аттарын қабылдаса керек. Яғни жоғарыда келтірілген дәлелдерді тұжырымдап қорытатын болсақ, Авар қағанаты сөзсіз Орта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық массаларының араласуының нәтижесінде пайда болған. Оны авар одағының күрделі әлеуметтік құрылымы дәлелдейді.
Авар атауының шығуына келетін болсақ, Авар (avaris, avares) қағанатын құрушылар мен олардың құрамына енген тайпалар одақтың тарихы жайында ешқандай мемуар немесе жазба ескерткіштер, құжаттар т.б. сияқты мәліметтерді қалдырмаған. Сондықтан тақырыптың мазмұнын ашу барысында жазба деректер мен археологиялық мәліметтерге жүгінеміз. Авар термині грекше авар деп айтылады. Орыс жылнамасында “обро” деп атайды. Араб жазушысы Ибн-Хордадбех (хазарлармен бірге) абарлар немесе аварларды келтірген.
Деректерді талдайтын болсақ, Иордан өз еңбегінде авар атауына байланысты Днепр өзенін Ғұнновар (Hunnivar) деген терминмен атаған, яғни екі атау біріктірілген ғұн + авар. Авеста-эфталиттік термин бойынша «вар» қала, қоныс деген мағынаны білдіруі мүмкін. Осыған байланысты авархуни – «ғұн қонысы», «қоныстанған ғұндар» деген этимология шығады. Авар мен ғұндардың қысқартылған түрі вархонит тайпа атауында сақталған, яғни сөйлем уар+хуни деп өзгертілген. Бұл атау жазба деректерде VІ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастаған (шамамен 557 ж.). Иорданның шығармаларында Хуннугуры (Hunnuguri) деген атау кездеседі [6, с. 434]. Жалпы, византиялық тарихшылар аварларды екіге бөледі: 1) еуропалық авар «псевдоавар»; 2)