Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.). Қ. Жұмағұлов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қ. Жұмағұлов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1270-5
Скачать книгу
бастап 470 ж. Тянь-Шаньға, 496 ж. Балхашқа дейін жеткен. Олар жайында алғаш дерек Аммиан Марцеллинде кездеседі. 356-357 ж. ІІ Шапур (309-379 ж.) Иранның шекарасын әрең ұстап тұрған. Ал 539 ж. Хиониттердің патшасы Грумбат енді амидтік Иран шахының одақтасы ретінде жорыққа шығады, сол кезде Аммиан Марцеллиннің көзінше оның баласы қаза тапқандығы жайында деректе келтіріледі. Қытай деректерінде «Хундар» – Судэ – Соғды еліндегі хиониттер жайында хабарлап, қытайлықтар оларды билеген дейді. Кейінірек хиониттер деп парсылар қытайға бағынған түркілерді айтып, оларды «кермихион» (черви-хиониттері) атаған. Византиялық Феофонның хабарлауынша, 563 ж. Константинопольге аварлар арасында мұхиттың маңайын мекендейтін, кирмахиондардың елшілігі келген дейді. Бұл жерде мәселе аварлар жерінде Арал – Каспий жазығындағы түркіттер жайында болып отыр дейді М.И. Артамонов [2, с. 515]. Мұхит деп Каспий теңізінің Арал теңізімен бұғаздар арқылы орналасқандығы айтылса керек.

      Аварлардың айқындалған дәстүрлі тарихы бар, оның бір бөлігі – хундар немесе хиониттер бірнеше уақыт бойы соғдыларды билеп, Иранмен тығыз байланыста болған. Ф. Симокатта угорларды былайша суреттейді: олар көп халық, олардың біраз ғана бөлігі уар (вар) және хундар (хиониттер) түркілерге бағынғылары келмегендіктен, батысқа Еділ өзенінің арғы жағына көшіп кетеді де, өздерінің аварлар, яғни еуропалық аттарын иемденеді деп жазады.

      Түркілер эфталиттермен соғысып жатқандықтан, аварлардың ізіне түспеді, бұл мәселе жайында Менандр былай дейді: «түрік билеушісі Силзивул аварлардың қашып кеткенін естіп, варварларға тән қатыгездікпен сөйлеген. Олар естерін жинап жан-жағына қарап алсын дей келе: «Аварлар құс емес, аспанда ұшып жүріп, түркілердің қылышынан қашатын; олар балық та емес, теңіз түбіне сүңгіп жоқ болатын; олар – жер бетінде адасып жүрген халық. Эфталиттерді жеңгеннен кейін аварларға шабуыл жасаймын, олар менің күшіммен қашып кете алмайды»».

      Азов пен Каспий теңіздерінің жазығында пайда болған аварлар туыс этникалық топтың ортасына тап болады, себебі алдында ғұндар, угорлардың бір бөлігін өздерімен ілестіріп алып барған болатын. Соған орай, аварлар жаңа жердің жағдайына тез үйреніп, тіпті солтүстік кавказдықтар арасынан аландармен одақтасып та үлгереді. Алан көсемі Сарози арқылы Лазикада орналасқан Византияның әскерімен қатынас жасайды да, императордың келісімін алып, 558 жылы алғаш өздерінің елшісін Константинопольге жібереді.

      Аварлар амалсыздан өздерінің жаңа көршілерін тонап, соғысып өмір сүруге тиіс болды, сонымен қатар таза әскери ұйым ретінде жергілікті тайпалар үшін қауіпті дұшпан саналды, бірақ қатты жауласса да, аварлармен одақтасудың амалын іздеді де, олардың күші арқылы өздерінің қауіпсіздігін нығайтып отырды. Аварлар Шығыс Еуропа тайпаларымен жалғыз күресуден түк шықпайтынын білді, сондықтан бастапқыда аландармен, сонан соң кутригурлармен одақтасты. Шамасы император түркі елшісінен қанша авар қашты деп сұрағанда, олар екі тумын деп жауап