Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.). Қ. Жұмағұлов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қ. Жұмағұлов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1270-5
Скачать книгу
ресми географиялық мәліметі бойынша, VІІ ғ. Түркеш жерін Қытай басшылары У-а-ла яғни, авар өлкесі деп атаған, Н.А. Аристов және Грум-Гржимайло аварлар түргештер болғандар дейді. Бұл екі авторда псевда-авар (жалған аварларды) айтып отыр, төмендегіде көрсетілетіндей, бұл жағдаймен келісуге болмайды, бірақ-та олар нағыз аварлардың түркештерден шындыққа сай келетіндей байланыстырады. Жаңа территорияда тұрақталғаннан кейін, аварлар жаңа мемлекеттік одақ – Авар қағанатын құрады. Олардың алғашқы басшылары Баян қаған болды. Баянның қоластына көптеген Еуропа тайпалары бағынды, соның ішінде славяндар және германдықтар да болды. Шамамен жүз жылға жуық уақыт көлемінде, көшпелілер мекендеген Оңтүстік Ресей жазығының бір бөлігіне қағанның билігі таралып жүрді. Сонымен қоса VІ ғасырдың аяғында Авар қағанатына кутригур, тарниах және забендерлер келіп қосылады.

      Бұл кезде Византия шығыс жағындағы парсылармен соғыс жүргізіп жатқан болатын. Осы жағдайлардың бәрі аварлар үшін өте тиімді болды. VІ ғ. 70-80 жылдары славяндармен бірігіп, Византия иелігіне жататын, Дунайдың төменгі ағысында орналасқан жұртшылыққа тонаушылық шапқыншылықтарын жүргізді. Византия 591 ж. парсыларды жеңгеннен кейін біршама уақытқа болса да Балқан территориясынан аварларды ығыстырады.

      Аварлардың шығу тегін жандандыра отырып, біз олардың құрамына кірген тайпаларға да тоқталғанды жөн көрдік. V-VІ ғасырларда византиялық авторлардың хабарлауынша авар одағының құрамында Акацир, барсил, сарагур, угор, савир, уртугур, оногур, кутургур, славян т.б. болған.

      Акацир тайпалары («gens Acatzirorum») Иордан бұл тайпаларды «ең мықты», «ең күшті» («gens fortisima») және жер өңдеумен емес, аңшылықпен, мал шаруашылығымен айналысады деп хабарлайды. Иордан бойынша акацирлар үлкен территорияны алып жатты. Балтық теңізіндегі янтарь жағалауында және болғарлармен Понт теңізінің жағалауындағы кеңістікті алып жатты дейді. Иорданнан жүз жыл бұрын жазған Присктің хабарлауынша, акацирлер – скифтік, яғни ғұн тайпасы. Аттила акацирлерді өзіне бағындырған және өзінің үлкен ұлын соларды басқаруға жіберген; олар (акацирлер) V ғасырдың бірінші жартысында Понт маңайындағы облыстарда және Каспий қақпасы арқылы Кавказ тауларына өтіп, парсылармен соғысқан. ІІ Феодосий акацир князына үнемі «сыйлықтар» жіберіп отырған. Акацирлер мықты тайпа болды, империя үшін бұл қатынас тиімді еді. Прокопий өзінің шығармаларында акацир тайпаларының аты кездеспейді, бірақ Мэотия жазығында «киммерийлік» ғұндар өмір сүрді, оның уақытында бұл тайпаларды утигурлар деп атаған.

      Савир (Saviri) – ғұн тайпасы, бастапқыда, Иордан барлығын ғұн тайпалары десе, енді біреулерін альцигар, басқаларын савирлер деп атай бастайды. Альцигарлар Херсон маңайын паналаған, Иордан савирлердің мекендеген жерін көрсетпейді, кунугурлар жайында хабарлайды да, савирлерге тоқталмайды. Мүмкін савирлердің қосымша аты хунугур шығар? Прокопий Кесарийский савирлердің қоныстанғаны жайында мәліметтер келтіреді, оның айтуынша, олар Кавказ тауларының