Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Сағындық Қожамсейітов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Биографии и Мемуары
Год издания: 0
isbn: 9785005105080
Скачать книгу
үлесін қосуда. Аманқұловтың адал және қажырлы еңбегін «Қазақмыс» корпорациясы жоғары бағалады. Ол «Қазақстанның бірінші мысы» төсбелгісі және «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің Құрмет грамотасымен марапатталған.

      Аманқұлов Серік

      Асанбеков Қазыбай (10.04.1932, ОҚО, Қарсақбай ауданы, Ворошилов атындағы ұжымшар – 19.02.2009, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қарсақбай кенті) соғыс жылдары бала кезінен ұжымшардың шаруасына араласқан. Еңбек жолын 1949 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытында жұмысшы болып бастаған. 1958 жылдан ұнтақтау-транспорттық цехында ұнтақтаушы, 1962 жылдан сол цехта өндіріс телімінің шебері, 1970 жылдан метеллургиялық цехта горновой, 1974 жылдан 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Қарсақбай металлургиялық зауытында балқытушы болып жемісті еңбек етті. Қ. Асанбеков Еңбек Даңқы орденінің, «1941—1945 Ұлы Отан соғыс жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» (1946), «Ерлік еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» (1970) және басқа медальдар мен төсбелгілерінің иегері.

      Асанбеков Қазыбай

      Асанов Жүсіп (1909, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Қаракеңгір болысы, №1 ауыл – ө.ж.б.) – ағартушы-ұстаз. Әке-шешесінен ерте айырылған ол әкесінің ағасының қолында тәрбиеленеді. Бастауыш мектепті (1925), Атбасар қаласындағы ауылшаруашылығы мектебін (1928), Қарағанды мемлекеттік мұғалімдер институтын (1951) бітірген. 1928—1941 жылдары қазіргі Ұлытау ауданының аумағында «Шашты» серіктестігінің №15 ауылында, Қарсақбай, Жезқазған кенттерінде бастауыш мектеп мұғалімі, әрі меңгерушісі, мектептегі мұғалімдік қызметімен қатар аудандық халық-ағарту бөлімі инспекторының міндетін қоса атқарды. 1941—49 жылдары Жезқазған аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі болды. Кейінгі жылдары Рудник кентінде, Жезқазғанда орта мектеп, жұмысшы-жастар кешкі мектебін басқарды. Асанов Ұлытау – Жезқазған өңірінде тұрғындардың сауатсыздығын жоюға, білімін, мәдени дәрежесін көтеруге, тау-кен өндірісіне керекті білікті жұмысшылар, инженер-техниктер дайындауға үлес қосты.

      Асанов Жүсіп

      Атбасар түсті металдар тресі (Атбасцветмет) – 1925 жылы 10 маусымда Еңбек және Қорғаныс кеңесінің арнаулы қаулысымен ұйымдастырылған. КСРО Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесіне қарасты Главметалл басқармасының өндірістік-аумақтық құрылымы. Трест құрамына Спасск комбинаты, Қарағанды көмір кендері, Өспен мыс кеніші, Спасск мыс қорыту зауыты беріледі және салынып жатқан Қарсакбай мыс зауыты, Байқоңыр қоңыр көмір кені, Жезқазғандағы мыс кеніштері қаратылады. Трестке осы өңірдегі Қарсақбай мыс зауытын қайта салып, жедел мерзімде іске қосу жүктелді. Соған орай тиісті қаржы, тасымал құралдары және жабдықтар босатылды. Бірақ тасымал құралы негізінен ат пен түйе қомы болып қалды, жұмыскер күші де сайын даланың негізгі тұрғындары арасынан қабылданды, тек инженер-техниктер ғана КСРО-ның әр түкпірінен, шетелден шақырылды. Трестің басқармасы 1925—29 жылдар аралығында Мәскеуде, Рождественка көшесіндегі 8-үйде орналасты. Трестің басқарма