Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Сағындық Қожамсейітов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Биографии и Мемуары
Год издания: 0
isbn: 9785005105080
Скачать книгу
үзбей сол кездегі өзінің замандастары кешкі мектепте орта білім алады. Кеңес әскері қатарында әскери міндетін өтеп қайтады. Металлургиялық цехта жөндеуші, дәнекерлеуші, механик болып еңбек етті. 1973 жылдан зауыттың конструкторлық бюросының бастығы. 1979 жылдың басынан механикалық цехтың телім бастығы болып тағайындалған. Мыс қорыту зауыты өндірістік бағытын түбірінен өзгертіп, шойын балқытып, ірі қосалқы бөлшектерге дайындауға көшіп жатқан шақта құю-механикалық телімнің бастығы қызметіне келді. Қиын ауқыт еді. ҚазКСР түсті металлургия министрлігінің, Шымкент қорғасын, Өскемен қорғасын-мырыш зауыттарының, ауыл шаруашылығы құрылыс кәсіпорындарының тапсырыстарымен қосалқы бөлшектер, темір торлар, басқа да өндіріске қажетті жабдықтарды құйды, механикалық өңдеу жұмыстарын жүргізді. Металлургия зауыт өнімдері «Қазақмыс» корпорациясының тау-кен, металлургия, құрылыс салаларының қажетіне сай келіп, сұраныс көбейіп отыр. Айтмұқанов коммунистік еңбек екпінді. Бірнеше жыл қатарынан түсті металлургия саласындағы социалистік жарыс үздігі төс белгісіне ие болды.

      Айтмұқанов Жұмабек

      Академик Қ. И.Сәтбаевтың музей-үйі 1969 жылы сәуірде академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 70 жыл толуына орай Қарсақбайда ұлы ғалым 15 жыл тұрған үй мемориалдық музей болып ашылды. Осылайша бүкіл қарсақбайлықтар үлкен шаңырақ санайтын киелі орын мәдениет ошағына айналды. Қ.И.Сәтбаевтың жеке мұрағатынан алынған, оның ұрпақтары жинақтап өткізген жәдігерлер мұражай қорының басты құндылығы. Музей экспозиясын құруға ғалымның қыздары Ханиса, Шәмшиябану, Мейіз Қанышқыздары көп еңбек сіңірген. Көрмелерде Қ. И.Сәтбаевтың өмірі мен қызметін жан-жақты көрсететін, өлкенің өндірістік тарихын сипаттайтын деректер, қолжазба құжаттар, минералдар үлгілері, ғалымның еңбектері, ол жайлы әдебиеттер мен әр жылдардағы баспа материалдары жинақталған. Кішігірім 5 залды қамтитын музей экспонаттары құндылығы, мазмұны жағынан ерекше бағалы. Ұлы академиктің киім-кешектері, күнделікті қолданған, тұтынған заттарына дейін қаз-қалпында сақталған. Ғалымның зайыбы Таисия Алексеевна Кошкина-Сәтбаева қысылған сәтте нан тақтай ретінде қамыр жаятын геологтың сызба столын көргенде уақыт тоқтап қалғандай, осы үйдің иесі қазір кіріп келетіндей әсер қалдырады. Негізгі қорды құрайтын 3 мыңға жуық жәдігерлердің барлығы дерлік түпнұсқа ретінде бағаланады.

      Академик Қ. И. Сәтбаевтың музей-үйі

      1995 жылдан ғалымның музей-үйі Жездідегі тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі комплексінің құрамына енгізілді.

      Зейпін Қазанбаева.

      Ақдәулетов Нұркамал (01.01.1931, ОҚО, Қарсақбай ауданы, Байқоңыр қалашығы – 23.01.2013, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қарсақбай кенті) – КСРО-ның Құрметті металлургі (1966). 1939 жылдан Байқоңыр орта мектебінде оқып жүріп, Сталин атындағы ұжымшарда егін егіп, торғай қорып, шөб шауып, мал бағумен соғыс жылдарындағы жастық шағын өткізеді. 1956 жылы ақпанда Кеңес әскерінің қатарында борышын өтеп,