Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1634-5
Скачать книгу
жерлерді өздерінің рулық иеліктері деп санады, ал Сарай тағының хандары өзінің мемлекетін жай ғана «ұлыс» деп атаған. Тоқтамыс ханның өз мемлекетін Ұлы ұлыс деп атаған жарлығы сақталып қалған. Мұндай эпитетті дипломатиялық хат алысуларда державаның күштілігін көрсету үшін басқа хандар да жиі-жиі қолданған.

      Жошы ұлысының атауына қатысты еуропалық және азиялық деректерде неше түрлі атаулар қолданылған. Араб жылнамаларында Жошы ұлысын белгілі бір уақытта басқарған ханның есімімен этникалық толықтырулармен: «Берке, Ұлы татар ханы», «Тоқта, татар ханы», «Өзбек, солтүстік елдердің басшысы», «Тоқта хан, Сарай және қыпшақ жерлерінің иесі», «Дешті Қыпшақ ханы Тоқта» деп атайды. Кейбір араб және парсы авторлары Алтын Орданы Жошы ұлысы, Бату ұлысы, Берке ұлысы, Өзбек ұлысы деп те атаған. Бүкіл Алтын Ордадан өткен Еуропа саяхатшылары П. Карпини және В. Рубрук ескі терминдерді «Командар елі», «Комония», «татар державасы» деп қолданады. Рим папасы ХІІ Бенедик хатында Жошы ұлысын «солтүстік Татария» деп атаған. Орыс жылнамаларында оңтүстіктегі көршілерін этникалық терминнің көмегімен анықтаған. ХІІІ ғасырдың соңғы он жылдығында ғана «Орда» атауы пайда болып, ол Жошы ұлысының ортақ жалпы атауын иеленіп, аталған мемлекет толық құлағанға дейін қолданылған.

      Ал «Алтын Орда» атауына келсек, Бату хан негізін қалаған қалалардың ізі де қалмаған кезде пайда болды. ХVІ ғасырдың екінші жартысында алғаш рет «Казанцев жылнамасында» «Алтын Орда» немесе «Ұлы Алтын Орда» деген сөз тіркесі пайда болады. Оның пайда болуы ханның қонысымен, нақтырақ айтсақ ханның киіз үйінің қымбат мата және алтыннан жасалған бай әшекейлеріне байланысты болды. ХІV ғасыр саяхатшысы хан шатырын: «Өзбек алтын шатыр деп аталатын шатырда отырады. Ол алтын жапырақтары бар ағашқа тартылған. Ортасында аяқтары күміспен қапталған және қымбат тастармен әшекейленген тақ орналасқан», – деп сипаттаған. «Алтын Орда» терминінің XIV ғасырда орыс жерлерінде күнделікті тілде қолданылғанына күмән келтіруге болмайды, дегенмен сол уақытта жазылған жылнамаларда бұл сөз тіркесі кездеспейді. Бұл кезеңде орыс жылнамашылары «алтын» сөзін жақсылықтың, қуаныш пен жарықтың синонимі ретінде қолданғандықтан, бұл сөзді өздерін «езгіге» ұшыратқан мемлекетке қатысты қолданудан бойларын аулақ ұстаған болулары да ықтимал. Сондықтан «Алтын Орда» атауы жылнамаларда моңғол жаулап алушылығының барлық қорқынышы ұмытыла бастаған кезеңде ғана айналымға енген деуге негіз бар.

      Ал енді Алтын Орданың Моңғол империясындағы орны туралы мәселеге тоқталайық. Алтын Орда құрылған кезінен бастап дербес мемлекет ретінде өмір сүрген емес, сондай-ақ оның билеушілері де тәуелсіз басшылар ретінде саналмады. Алғашында, Жошы және оның ұрпақтарының иеліктері мен басқа да моңғол ханзадаларының иеліктері заң жүзінде әкімшілік орталығы Қарақорым болған біріккен империяны құрады.

      Бұл жерде қалған хан Яссы заңының баптарының бірінде көрсетілгендей, моңғолдар жаулап алған барлық аумақтардан түскен табыстардың бір бөлігін алып отыруға құқылы болды. Мұндай жүйенің болуы