Сонымен, еңбекті аумақтық бөлу оның салалық ерекшелігін қосқанда аймақ өндірісінің кеңістікте оқшауланған механизмі ғана емес, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыратын қуатты фактор болып табылады
3.2. Аймақтың салалык және аумақтық күрылымы
Елдің аумақтық және салалық құрылымы өз алдына өндіріс аясының материалды және материалды емес салаларының жиынтығын білдіреді. Салалық құрылымға кіретін салалар мен салалар топтары арақатынасының өзгеру динамикасы, сонымен қатар оларды мемлекет аумағында орналастыру және дамыту қарқыны шаруашылық кешенінің заманауи құрылымын сипаттайды.
Өндірістік аяның салаларына өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және құрылыс салалары кіреді. Ал өндірістік емес аяны құрайтын салалар – бұл қызметтер саласы, оған қоғамға қызмет көрсетумен байланысты тұрғын-үй – коммуналдық щаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, көлік және байланыс; әлеуметтік қызмет көрсету салалары – денсаулық сақтау, дене шынықтыру, әлеуметтік қамсыздандыру; білім беру, мәдениет, өнер; ғылым және ғылыми қызмет көрсету; несие беру, қаржы және сақтандыру; басқару органдарының аппараттары; өзге де салалар кіреді.
Аумақтық деңгейде салалық құрылымның өзгеру динамикасын, сонымен қатар осы бөлімнің өзгеру динамикасын ашатын негізгі индикатор ретінде жалпы аймақтық өнім көрсеткіші орын алады, оның негізінде әр түрлі салалар мен аумақтық-салалық құрылым сегментінің арақатынасы анықталады, сонымен қатар орта және ұзақ мерзімді келешектегі өсу динамикасы туралы болжам жасалынады.
Жалпы, аймақтық өнімнің (ЖАӨ) салалық құрылымына талдау жасау аймақтар бойынша мамандану деңгейін сипаттауға мүмкіндік береді. Оны төмендегі 4-кестеден көруге болады.
4-кесте
Жалпы аймақтық өнімнің салалық құрылымы (2009 ж.)
Пайызбен
Экономиканың негізгі салалары бойынша аймақтардың үлесін көрсететін бұл кесте мәліметтері аймақтардың мамандану деңгейін сипаттауға мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей, аграрлық сектор Қостанай (15,8 %), Алматы (13,7 %), Солтүстік Қазақстан (13,4 %), Ақмола (12,1 %) және Оңтүстік Қазақстан (8,2 %) облыстарының экономикасында елеулі рөл атқарады. Өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған аймақтар қатарына Атырау (21,3 %), Маңғыстау (12,9 %), Қарағанды (14,5 %), Батыс Қазақстан (8,3 %), Ақтөбе (7,1 %), Павлодар (6,6 %), Қызылорда (6,2 %), және Шығыс Қазақстан (5,6 %) облыстарын кіргізуге болады. Құрылыс жұмыстарының көлемі Астана қаласында (16,3 %), Алматы қаласында (12,3 %) және Атырау (18,1 %) облысында республикалық деңгейден асып түскенін кесте деректері көрсетіп отыр.
Сауда, көлік, байланыс сияқты халыққа қызмет көрсететін салалар Астана және Алматы қалаларында басымдыққа ие.
Өнеркәсіптік өндіріс Қазақстанның экономикалық өсуінде айқындаушы рөл атқарады, оның үлесіне елдің ЖІӨ-нің үштен бір бөлігі келеді. Аймақтардың нақты өсуін айқындайтын факторлардың арасында