Аймақтық экономиканы басқару. Қарлығаш Мұхтарова. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қарлығаш Мұхтарова
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2013
isbn: 978-601-04-0079-5
Скачать книгу
оқымыстылар бұл өзара байланыстылықты әртүрлі түсіндіреді. Мәселен, аймақтанушы Н.Н. Баранский қоғамдық еңбек бөлінісінің жалпы, жеке және бірыңғай түрлерімен өзара байланысын ұсына отырып, еңбектің аумақтық бөлінісін қоғамдық еңбек бөлінісінің экономикалық заңдылықтарын ерекше кеңістікте көрсету деп ұйғарған. Профессор И.С. Судеревский еңбектің аумақтық бөлінісі еңбек бөлінісінің тек жалпы және жеке даму үдерісін көрсететін аумақтық астары десе, П.М. Алампиев, В.Е. Комаров, В.М. Москвич және басқалар еңбектің аумақтық бөлінісін тек жеке еңбек бөлінісінің бір түрі ретінде қарастырады.

      Қоғамдық еңбек бөлінісіне тән сипаттамалары:

      • адам қажеттіліктерінің көптүрлілігі және олардың бірыңғай технологиялық үдеріс негізінде қанағаттандыра алмау мүмкіндігінен туындаған адам еңбектері түрлерінің көп түрлілігі;

      • адам қызметінің қандай да бір өнімінің ұдайы өндірісінің жеке бөліктеріне шаруашылық қызмет субъектілерінің мамандандырылуы, олардың еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, ғылым және техника жетістіктерінің бөлінген еңбек телімдеріне жоғары шоғырлануын қажетті етіп жасайды;

      • еңбектің бөлінген түрлері арасындағы экономикалық өзара байланысының әр түрлі нысандары арқылы қандай да бір өнімнің ұдайы өндірісін бірыңғай технологиялық үдеріске түйістіретін еңбектің бөлінген түрлерінің кооперациясы.

      Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қоғамдық өндірістің жетілу деңгейі қоғамдық еңбек бөлінісі деңгейімен анықталынады. Қоғамдық еңбек бөлінісі екі негізгі нысанда болады: аумақтық және салалық.

      Аумақтық еңбек бөлінісі – бұл белгілі бір аумақта өндірістің жеке салаларының бекітілімі. Оның табиғи негізі әртүрлі аймақтардың табиғи, климаттық және экономикалық жағдайлары болып табылады. Еңбек бөлінісінің бұл нысанының экономикалық негізі аймақтағы жоғарыда аталған факторлардың ерекше әдістеріне қарай әртүрлі аумақтарда игіліктерді дайындаудың біркелкі емес пайдалылығы болып табылады.

      Салалық еңбек бөлінісі – бұл жеке салалардың (принципиалды бірыңғай технологиялы топтарды пайдалану негізінде әртүрлі игіліктерді дайындау) және өндірістің (шамалы ұқсас технологиялар негізінде бірыңғай функционалды мақсаттағы игіліктерді дайындау) бар болуы.

      Еңбекті бөлу үдерісінде кездесетін қарама-қайшылықтар да жоқ емес, мәселен, олардың бірқатарына тоқталып өтсек:

      • аймақтарда табиғат ресурстарының орналасуы мен оның салалық құрылымының арасындағы;

      • халықтың аумақта орналасу ерекшелігі мен жаңа жұмыс орындарының географиялық орналасуындағы;

      • аймақтың салалық мамандануы мен оның аймақтық жүйе ретіндегі кешенді дамуының қажеттілігі арасындағы;

      • ұлттық табыстың аумақтық өндірісі мен оның географиялық пайдаланылуы арасындағы;

      • салалардың экономикалық мүдделері мен аймақтардың әлеуметтік талаптарының арасындағы қарама-қайшылықтар.

      Еңбектің аумақтық бөлінуі екі жақты болып келеді – шаруашылықтың