Саудада, автокөліктерді, тұрмыстық заттарды және жеке пайдалану заттарын жөндеуде мемлекеттегі экономикалық жағынан белсенді халықтың 14,7 %-ы, көлік пен байланыста 7,5 %-ы жұмыс жасады. Өндірістік емес аяда жұмыспен қамтылған халықтың 36,1 %-ы жұмыс атқарды. Материалды емес аяның барынша ірі салалары – білім беру 9,6 %, жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету 4,8 %, мемлекеттік басқару 4,5 %, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету 4,4 % болып табылады.
Қазақстан Республикасының шаруашылығын аумақтықсалалық құрылымында аймақтың үш түрін көрсетуге болады:
1. Жұмыспен қамтылғандардың саны және өнімнің құны бойынша шаруашылықтың басты саласы ауылшаруашылығы болып табылатын индустриалдыққа дейінгі құрылымы бар шаруашылықты аймақ – Ақмола (40,7 %), Жамбыл (33,5 %), Қостанай (38,2 %), Қызылорда (25,0 %), Оңтүстік Қазақстан (22,3 %), Солтүстік Қазақстан (49,9 %), Шығыс Қазақстан (30,5 %) облыстары.
2. Шаруашылықтың индустриалды құрылымы бар аймақтар, мұнда шаруашылықтың басты саласын өңдеуші өнеркәсіп – Алматы (74 %), Батыс Қазақстан (58 %), Қарағанды (79 %), Павлодар (21,1 %) және тау-кен өнеркәсібін өндіруші болып табылатын аймақтар – Атырау (53 %), Ақтөбе (47 %), Маңғыстау (63 %).
3. Экономика дамуының индустриалды типі бар аймақтар, мұнда шаруашылық құрылымында басымдық өндірістік емес аяға беріледі. Қазақстан Республикасында екі аумақтық бірлікте ғана, яғни Астана және Алматы қалаларында шаруашылықтың индустриалдықтан кейінгі құрылымы бар. Ақмола облысының курортты аудандарындағы өндірістік емес аяның үлесі жоғары – 10,1 %.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы сараланудың өсуінің негізінде объективті себептер бар. Олардың ішіндегі барынша маңыздысы – аймақтардың салалық құрылымындағы едәуір айырмашылықтар және олардың нарыққа әркелкі бейімделуі. Аумақтық-салалық құрылымдардың әртүрлі деңгейлері және әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейіндегі жоғары саралану нарықтық қатынастардың қалыптасуының бастапқы кезеңінде де, қазіргі уақытта да мемлекеттің реттеуші рөлін күшейтуді, шағын және орта бизнестің дамуына әсерін тигізетін институционалдық құрылымдарды құру қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:
1. Аймақтық еңбек бөлінісінің қандай түрлері бар?
2.