М.Г. Лапусты және П.С. Никольскийдің жалпы редакциясын басқаруымен дайындалған сөздікте: «Инвестиция – табыс алу және әлеуметтік теңдікке қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік объектісіне және басқа да құндылықтар түрлеріне жұмсалынған ақшалай қаражаттар, мақсатты банк салымдар, пайлар, акциялар және өзге де бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, несиелер, басқа да мүліктер немесе мүліктік құқықтар және интеллектуалдық құндылықтар» – деп түсіндіріледі.
Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: «Инвестициялау – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде:
– жылжитын және жылжымайтын мүліктер мен мүліктік құқық, ұстау құқығы, өңдеусіз ұстауға арналған тауарлардан басқалары;
– акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзге де нысандары;
– облигациялар және басқа да борыштық міндеттемелер;
– инвестицияларға байланысты келісімшарттар бойынша орындалуға тиісті қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етулер;
– интеллектуалдық қызметтің нәтижелеріне деген құқықтар, оған жататындар: авторлық құқық, патент, тауар белгісі, өнеркәсіп үлгісі, технологиялық процестер, нау-хау3, нормативтік-техникалық, сәулеттік, конструкторлық және технологиялық жобалық құжаттар;
– лицензия немесе мемлекеттік органдардан берілетін басқа да нысандардағы кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыруға арналған кез келген құқықтар».
Б.А. Колтынюктің еңбегінде: «Инвестициялау – бұл көптеген экономикалық игіліктерді өндіру үшін капитал (ресурс) қорын жасау немесе толықтыру. Қаржы және экономика тұрғысынан қарағанда инвестициялау – бастапқы жұмсалынатын капиталдан асатын мөлшерде алдағы уақыттарда таза пайда алу мақсатында экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімде жұмсау» – деп сипаттама береді.
И.В. Сергеев, И.И. Веретникованың еңбегінде инвестиция деп – пайда немесе басқа да тиімділікке қол жеткізу мақсатында жаңа кәсіпорындар құру, жұмыс істеп отырған кәсіпорындарды кеңейту, кәсіпорындарды қайта құру және техникалық жағынан қайта қаржыландыру, жылжымайтын мүлік, акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздар мен активтерді сатып алуға бағытталған мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттары, мүліктік және интеллектуалдық құндылықтарды түсіндіреді.
Инвестицияның мазмұнын сызба түрінде беруге болады:
1-сызба. Инвестицияның мазмұны бойынша жіктелуі
1.2. Инвестицияның түрлері және типтері
Іс жүзінде инвестициялардың мынадай түрлері белгілі:
Мемлекеттік инвестициялар, мемлекеттік бюджет есебінен және басқа да мемлекеттік қаржы көздерінен экономикалық және әлеуметтік дамуға бағытталған инвестициялар;
Жеке