Инфляциялық индикаторлар бағалы қағаздардың табыстылық деңгейімен тура пропорционалды байланыста. Өнеркәсіптік бағалар индекстерінің өсуі табыстылықтың болашақта жоғарылайтындығын, сәйкесінше бағалардың төмендейтіндігін меңзейді.
15.03.08 ж. шыққан мәліметтер көрсеткендей, төлем балансының (Current Account Balance) нақты мәні күтілген мәннен төмен болып шықты (-$195,8В – $203,5В-қа қарсы). Яғни Америка Құрама Штаттары төлем балансының дефициті шамалы азайды.
Импорт бағалары (Import Price Index) да күтілген мәннен төмен болып шықты (нақты 0,2 % күтілген 0,8 %-ға қарсы). Бұл импортқа бағалар көтерілгендігін, бірақ күткен мөлшердей емес, одан төмен деңгейге көтерілгендігін білдіреді.
Сондай-ақ, ипотекалық несиелеу көрсеткіші (МВА Mortgage Applications) алдыңғы мәннен төмен болып шықты, бұл жағдай біздің жоғарыда айтқан болжамдарымызды дәлелдей түсті.
16.03.08 ж. шыққан мәліметтер көптеген көрсеткіштердің нақты мәндері олардың күтілген мәндерінен өзгеше болып шыққандығын көрсетті. Мысалға, өнеркәсіптік бағалар индексінің айлық мәні (Producer Price Index (МоМ)) алдыңғы мәнмен салыстырғанда, өте жоғарылап кеткен (нақты 1,3 % алдыңғы – 0,6 %-ға қарсы). Ал 0,5 % сияқты мән күтілгендігі бізге белгілі. Сәйкесінше бағалар төмендейді.
Жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға алғашқы сұраныс (Initial Jobless Claims) алдыңғы индикатормен салыстырғанда, нарыққа аса зор ықпал етпейді, бірақ сонда да оның нақты мәні күтілген мәннен төмен болып шыққандығын атап өткен жөн. Бұл көрсеткіш 325К құрайды деп күтілген болатын, ал оның нақты мәні 318К құрады. Бұл жұмыссыздық төмендегенін және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы аламын деушілер саны азайғандығын білдіреді. Бұл жағдай Америка Құрама Штаттарының экономикасы өсіп келе жатыр, яғни бағалы қағадардың да табыстылығы өсіп келе жатыр деген болжам жасауға негіз болмақ. Ал бағалы қағаздардың табыстылығы мен бағасы арасында кері пропорционалды байланыс болғандықтан, табыстылықтың өсуі бұл бағалы қағаздарға деген бағаның төмендейтіндігін білдіреді.
Өндірістік қуат (Empire Manufacturing) көрсеткіші өндірістің қуаттылығын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің нақты мәні күтілген мәннен әлдеқайда аз болып шықты. Бұл нақты 1,9 күтілген 17,5-ке қарсы. Яғни бұл өндірістің әлсірегенін және бағалардың өскендігін білдіреді.
Филадельфиялық іскерлік белсенділік индексі (Philadelphia Fed.) – бұл Филадельфиядағы Федералды резервтік банктің іскерлік белсенділік индексі. Бұл көрсеткіш те күтілген мөлшерден төмен болып шықты. Кестеден көріп тұрғанымыздай, Филадельфиялық іскерлік белсенділік индексінің күтілген мәні 4,0 құраған болатын. Ал нақты мәні 0,2 болып шықты. Бұдан біз іскерлік белсенділік, күтілгендей, алдыңғы мәнмен салыстырғанда, жоғарыламай, керісінше төмендеді деп қорытынды жасай аламыз. Бұл экономиканың дамуы тежеле бастағандығын білдіреді. Бұл индекстің төмендеуі бағалардың өсуіне белгі болуы мүмкін.
Жоғарыдағы атап өткен индикаторлармен қоса, Американдық бағалы қағаздардың қысқа мерзімді сатылып