3-сурет. Бағалардың апта сайынғы өзгерісі Дерек көзі – «ЕСО» ақпараттық-аналитикалық жүйесінің мәліметтері негізінде. «Банк ЦентрКредит» АҚ. 14.02.2008 ж.
Бағалар өзгерісінің апта сайынғы графигінде әрбір свеча бір аптаның жағдайын көрсетеді. Суреттен көріп тұрғанымыздай, наурыздың бірінші аптасында американдық бағалы қағаздарға деген бағаның өсуі байқалған (жоғарыда айтылған Қытай қор нарығының құлдырауымен байланысты екенін айта кетейік). Осы оқиғадан кейінгі аптада бағалар 109,60-тан 108,35-ке дейін төмендеді. Осы сурет бойынша да біз белгілі бір қорытынды жасай алмаймыз, себебі бағалар қолдау деңгейін (өткен кезеңдегі орташа есептелген бағаны) жанап өтіп, күрт жоғарылап кетуі де, құлдырап кетуі де әбден мүмкін.
Ендігі кезекте бағалар өзгерісінің ай сайынғы графигін қарастырып талдайық (4-сурет). Суреттен көрініп тұрғандай, 2007 жылдың маусым айынан бастап сол жылдың қараша айына дейінгі кезеңде орта мерзімді бұқалық тренд байқалған, яғни бағалар басым жағдайда өскендігі байқалып тұр. Ал 2007 жылдың желтоқсан айынан бастап 2008 жылдың қаңтар айына дейін бағалар 110,50-ден 105,80-ге дейін төмендеген.
2008 жылдың ақпан айында бағалар 105 деңгейінен шамамен 109 деңгейіне дейін жоғарылаған. Сондай-ақ, біз суреттен 2008 жылдың қаңтар айында «волчок» фигурасы (денесі кішкентай және көлеңкелері үлкен фигура) қалыптасқанын көре аламыз. Ал келесі айда суретте денесі ақ айтарлықтай көлемді свеча қалыптасқан. Техникалық анализ тілінде бұл комбинация «бұқалық жұтылу» («бычье поглощение») деп аталады, яғни ақ свеча қара свечаның денесін толығымен жұтып қояды. Бұл болашақта бағалардың өсу мүмкіндігі туралы айтады.
4-сурет. Бағалардың ай сайынғы өзгерісі Дерек көзі – «ЕСО» ақпараттық-аналитикалық жүйесінің мәліметтері негізінде. «Банк ЦентрКредит» АҚ. 14.02.2008 ж.
Ендігі кезекте шешім қабылдауға әсер ететін негізгі көрсеткіштердің талдауын жүргізейік. Төмендегі кестеде осы аталған көрсеткіштердің өзгерістері көрсетілген (2-кесте). Бұл кестеде көрсеткіштердің үш мәні келтіріледі: күтілетін, нақты және алдыңғы.
2-кесте
Негізгі макроэкономикалық индикаторлардың валюта, ақша және қор нарықтарына әсері
14.03.08 ж. жағдай бойынша негізгі көрсеткіштер болып келесілер табылады: 1) Ипотекалық несиелеу көрсеткіші (МВА Mortgage Applications); 2) Төлем балансы (Current Account Balance); 3) Импорт бағалары (ай) (Import Price Index (MoM)); 4) Импорт бағалары (жыл) (Import Price Index (YoY)).
Ипотекалық несиелеу көрсеткіші (МВА Mortgage Applications) әдетте басқа макроэкономикалық индикаторлар сияқты, нарыққа аса зор ықпал етпейді, бірақ қазіргі таңда бұл көрсеткіш нарыққа айтарлықтай әсер етуі