VІІІ ғасырдың соңы мен ІХ ғасырдың басында франк мемлекетінде жерге байланысты төңкеріс жасалды. Ол феодалдық құрылыстың негізі – феодалдық жер меншігінің толық қожалығын орнатты. Үлкен ірі феодалдардың шаруалар үлестерін басып алуы ІХ ғасырдың басында жаппай сипат алды. Ерікті шаруаларды тәуелділікке түсірудің Меровингтер кезінен бастап, кең таралған әдістерінің бірі – «прекарий». «Прекарий» сөзбе-сөз аударғанда «өтініш бойынша берілген» деген мағынаны береді. Сайып келгенде, бұл ұғым жерді шартты түрде ұстау деген сөз. Үлкен ірі меншік иесі жерсіз немесе жері аз шаруаларға жерін уақытша пайдалануға береді. Бұл берілген үлесті пайдаланғаны үшін шаруа, әдетте жер иесіне оброк төлеуге немесе кейбір жағдайларда барщинада еңбек етуге тиісті болды.
Прекарийдің бірнеше түрі болды. Жерді осындай шартпен ұстаушылық кейде жері жеткіліксіз немесе жері жоқ адамға берілді (precarіa data). Ол бұл жерін қайтадан прекарий ретінде өмірлік немесе мұралыққа бір-екі ұрпақтың шеңберінде (precarіa obdata) белгілі бір міндеттемелерді атқару шартымен қайырып алып, пайдалануға мәжбүр болды. Кейбір жағдайларда прекарист тек өзінің бұрынғы берген жерін қайтарып қана қоймай, қайта оған қосымша үлес қосып алып та отырды. Мұндай прекарий «сыйға берілген» (precarіa remuneratarіa) деп аталынды.
Корольдің ерекше грамоталарымен үкіметтің қызмет адамдарының, үлкен ірі жер иелерінің қарауына жататын территорияға барып, онда соттық, әкімшілік, полициялық немесе қазыналық функцияларды атқаруларына тыйым салынды. Сондықтан бұл функциялардың бәрі өзінің меншікті агенттерінің көмегімен жүзеге асыратын шонжарлардың өзіне тапсырылды. Мұндай тарту «иммунитет» (лат. іmmunіtas – дербес праволық) деп аталынды.
Каролингтер тұсында үлкен жанұядан жаңа үй қожалығы бөлінді (ағайынды немесе туысқандардың үйленген балаларының біріккен тобы). Олардың патриархалды үлкен жанұямен қатынасы болмады. Құрамы мен құрылымы бойынша ірі, кейде 20-30 адамнан тұрды (орташа 8-9 адам). VІІІ ғасырдың соңында ІХ ғасырдың басында бұрынғы шаруашылық ұйымның орнын вотчина және оған бағынған крепостнойлық қауым басты.
Вотчина – феодализм тұсындағы қожалық, әлеуметтік және саяси ұйымдардың билік еткен тобы. Вотчина – иелеріне табыс алып келетін, феодалдық рентаны алуды іске асыратын ұйым ретінде қарастырылады. Феодалдық вотчинадағы жер, әдетте екі бөлікке бөлінді. Біріншісі – қожаның жері немесе домен (лат. domіnus – қожа), екіншісі – тәуелді шаруалардың пайдалануындағы және крепостнойлық міндеттемелер өтелетін бөліктерден құралған жер болып саналды.
Вилла – антикадан келген жер қожалығы, ол ерте орта ғасырларда да сақталып келді. Бірақ осы кездегі «вилла» әкімшілік бірлікті құрды. Оның негізгі бөлігі манс болды (шаруа үлесі, бұл термин 600 жыл шамасында қолданылып келді). Манс арендаторлық пен басқа да манстық, лендік ұстанушылары төлейтін оброк, антикалық кездегі уақыттан мұра ретінде қалған тікелей салық болып табылатын салықтық жүйенің