Карл Мартелл. Арабтармен күресі. Карл Мартелл 715 жылдан 741 жылға дейін өз билігін жүргізді. Өз корольдігінде бытыраңқылыққа тыйым салудан бастады. Карл өзіне қарсы көтеріліс жасаған Нейстриялық феодалдардың, Аквитания мен Прованс герцогтерін өзіне бағындырып, Рейн өзенінің сыртындағы герман тайпаларына – сакстер мен фриздерге, аллемандар мен баварларға қарсы аттанып, бағындырып оларға алым-салық төлетті. VІІІ ғасырдың басында Испанияны жаулап алып, 720 жылы оңтүстік Галлияға кіріп, Франк мемлекетіне қауіп төндірген арабтарды 732 жылы Пуатьенің түбінде талқандады. Арабтармен жүргізген күресте франктердің атты әскері үлкен рөл атқарды. Франктердің Пуатье маңындағы жеңісі арабтардың Еуропаға ішкерілей жылжуын тоқтатты. Арабтардың қолында оңтүстік Галлияның шамалы бөлігі Септимания және Нарбонн қалды.
Карл Мартеллдің бенефициялық реформасы. Франк мемлекетінде жүргізген аграрлық төңкерістің нәтижесінде басталған феодалдық қатынастардың тез дамуы, феодалдық меншіктік формалардың өзгеруі, феодалдандырылып жатқан қоғамның саяси заңдық мәртебесіне өзгерістер енгізуді талап етті. Аллодтық меншік феодалдық меншіктің неғұрылым жетілген түріне орын беруге тиісті болды.
Карл Мартеллдің бенефициялық реформасының мәні мынада болды. Бұрын Меровингтер жерді аллод ретінде толық жеке меншік етіп сыйлыққа берген болса, енді оның орнына феодалдық жер иеленудің жаңа шартты түрі орнатылды. Бұл – «бенефиция», яғни сыйлық деп аталынды. Бенефиция белгілі бір қызметтерді атқару үшін, көбінесе атты әскер қызметін атқару шарты бойынша мәңгі пайдалануға сыйлық ретінде берілді. Екі жақтың бірі, яғни жерді сыйлыққа беруші немесе алушы қайтыс болған күнде, бенефиция меншік иесіне, оның артында қалған мұрагерлеріне қайтарылып берілетін болды. Сондықтан бенефиция мұрагерлікке жатпайтын сыйлық еді. Егер де бенфецияның қойған шарттары орындалмаса немесе жерді сыйлыққа алушының шаруашылығы кедейленсе, онда бенефиция қайтарылып алынатын болды.
Уақыт өте келе бұл ережелерді сақтау тоқтатылып, бенефиция мұрагерлік жолмен пайдалануға айналды және ІХ-Х ғасырлар шенінде феод яғни әскери қызметінің міндеттерін атқарумен байланысты