Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы. Гүлжан Беделова. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Гүлжан Беделова
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2013
isbn: 978-601-247-834-1
Скачать книгу
болғандықтан, оны пікір жазушылар Рустичаноның «еркін жөндеуінің» қорытындысы екендігін айтады. Ал Полоның кейбір биогрофтары, генуэздік қамаудағы Рустичаноны, орта ғасырдағы әртүрлі халықтардың шайқасы, әртүрлі тарихи кезеңдерде бір-бірінен айыра алмайтындай етіп жазылған әскери повестердің авторларына ұқсатады. Бірақ, бұл тек шайқастарды суреттеулерге ғана қатысты. «Кітаптың» басқа тарихи тараулары жоғарғы бағаны талап етеді. Олар кейде аздап өзгертілген (мысалға «тау қарты» жөнінде әңгімесі), кейде нақты мәліметтер береді, бұл Марко Полоның тарихи оқиғалар жөнінде мағлұматы бар екендігін дәлелдейді. Оның келтірген бірқатар мәліметтері, сол кездің Шығыс деректерімен дәлелденеді, негізінен парсы тарихшысы Рашид-ад-диннің «Жылнамалар жинағы».

      «Кітаптың» ертедегі ең алғашқы түп нұсқасы қашан жазылды деген сауалға келетін болсақ, «Прологтың» соңғы сөйлеміне қарағанда, 1298 жылы. Дәл сол кезде, пизандық Рустичаноның (немесе Рустичелло) айтуынша: «Марко Поло Генуяда қамауда отырып, өзімен бірге қамалған Рустичано Пизанскийді осының бәрін», яғни «Әлемнің әркелкілігі» атты кітабын жазуды талап еткен. Мұнда Полоның отанына оралғанан кейінгі өмірі туралы деректер жоқ болғандықтан, XIX ғасырдың кітапқа пікір жазушылары Марко Поло генуэздік қамауға Адриатика теңізінің долматиндік жағалауының қасындағы Корчула (италиандық аты-Курцола) аралының маңында болған, атақты теңіз шайқасының (1298 жылы 7 қараша) қатысушысы ретінде түскені жайлы қорытындыға келеді, ол жерде венециандық флот генуэздіктермен талқандалып, жеті мыңға жуық венециандықтар тұтқынға түскен. Бірақ Марконы Генуяға басқа-тұтқындармен бірге тек, қырқүйектің екінші жартысында ғана әкелген. Ал оны 1298 жылы Рустичаноға жаздыру үшін, көп дегенде үш ай қалатын еді. Бұл, біздің ойымызша кең көлемді кітап жазу үшін, өте аз уақыт. Сонымен қатар Марко Поло италиян тілінің венециандық диалектісінде, ал Рустичано тоскандық диалектіде сөйлегендіктерін ескеру керек. Марко Полоның әңгімелері француз тілінде жазылған, ал ол тілде Рустичано жақсы сөйлемеген, бұл жөнінде осы мәселемен айналысқан маманданушы-филологтар да айтады. Сонымен бірге кітапқа барлық пікір жазушылар Марко Поло әңгімелелерін айтып отырған уақытында, қолында тек Венециядан алуға болатын материалдар болған дегенге келеді, ал оларды Генуяға алып келу мұндай республикалар арасында соғыс уақытында көп мерзімді талап ететін еді. Осылай «Кітаптың» жазылу мерзімі айтарлықтай қысқарады.

      Осы ойларға байланысты «Кітаптың» XIX ғасырдағы пікір айтушылары, Марко Полоның Корчуладағы шайқасқа қатысқанын жоққа шығарып, ол генуездік қамауға бұдан ерте, яғни саяхатынан келісімен 1296 немесе 1297 жылы түскен деген ойға келеді. Ал бұл жылдары бізге белгілі шайқастар болмағандықтан, Марко Поло басқа теңіз операциясына қатысқандығын немесе қамауға белгісіз жағдайлармен түскендігі туралы сөз болады және бұл тұжырымдар шындыққа жақын деуге негіз бар.

      Кітапта Марко Поло өзінің немесе басқалардың жазбаларын