Миниатюра. «Марко Полоның Қытай қаласына келуі» «Марко Поло саяхаты» кітабынан
Комментаторлар тек жанама мәліметтерді ғана негізге алған. Сонымен қатар араб географтарының, католик шіркеуінің миссионерлері мен елшілерінің суреттемелерін және басқа да тарихи материалдарды негізге алады.
Қазіргі кезде Марко Поло «Кітабының» түпнұсқасы жоқ, тіпті, оның нақты қай тілде жазылғаны да белгісіз. Тек ертедегі қолжазбалары мен әртүрлі тілде басылымдары сақталған. Оқырманды, жоғарыда айтып кеткеніміздей Марко Поло Қытайда болды ма деген сұрақ мазалауы мүмкін. Он алты жыл Қытайда өмір сүрген уақыт ішінде Ұлы Қытай қамалын байқамаған, Қытай шайының дәмін татпаған деген күдіктер тууы да ықтимал. Сонымен қатар кітап басылымы, құстарды инкубаторлық жолмен өсіру тәсілін де айтпай кеткен. Марко Поло Қытайда тек шетелдіктермен ғана қарым-қатынасқа түскен сияқты, өйткені кітаптағы барлық қытай атаулары моңғол немесе араб тілінде естіледі. Бұл сауалдарға былай жауап беруге болады: Марко Поло саяхатынан кейін, жылдар өте оның кітабы бірнеше тілдерге аударылып, көшірілген. Әр көшірме, әрине бастапқысынан ерекшеленген. Ортағасырлық кезеңнің өзінен бізге дейін сексеннен астам көшірмесі жеткен. Бұдан анықтайтынымыз, мүмкін көшірмелер қысқартылған түрінде жазылған болар және сол қалып қалған беттерде жоғарыда айтылған ескертпелер сақталуы мүмкін. Ал Марко Полоның жеке тұлғасына келетін болсақ, оның шын мәнінде, өмір сүргеніне еш күмәніміз жоқ, мұны дәлелдейтін төл құжаттар бар.
Марко Поло өзінің саяхаты кезінде Моңғол ханының ауласында он жеті жылға жуық қызмет етеді. Сол уақыт ішінде моңғол дәстүрін, тілін үйренеді. Төрт әліппе үйренген – араб, сирия, ұйғыр және төртбұрыш моңғол жазулары. Сол кездегі моңғол ханы Құбылайдың сеніміне кіріп, ол ханның қызметшісі ретінде Қытайды оңды-солды аралап, Үндістанға және Үндіқытай елдеріне елші болып жіберіледі. Мемлекетте үлкен қызметтерге ие болып, Марко Поло империяның ішіндегі саяси, жағдайға ғана араласып қоймай, құпия істер жөнінде де білді.
Марко Полоның қайтыс болған уақытына келетін болсақ, бұл мәселе оның жерлестері венециандықтармен елеусіз қалған. Жерленген жері жөнінде де нақты мәліметтер жоқ. Марконың жерленген жері жөнінде бізге дейін жеткен жанама хабарлардың бірі, оның қалдырған мұралық қағазы: онда, оны Cан-Лоренце шіркеуінде, әкесі жерленген жерге қою туралы айтылған. Бұл мұралық қағаздың іске асуына кедергі келген туралы ешқандай дерек жоқ. Сонымен қатар Марконың қызы Мореттаның да қалдырған мұралық қағазы бар (1348 ж. 1 мамыр). Онда: «Мен, өзімді әйелдер монастірі Сан-Лоренциадағы, әке-шешем жатқан қабырға жерлеуді және жиырма сольданы мұралық етемін», – делінген. Осыған байланысты, Марко Поло мен оның әйелі Донато Сан-Лоренцио монастрінде жерленген деген тұжырымға келуге болады. Тағы осындай бір деректі біз Франческо Сансовиноның 1584 жылы Венециада шыққан еңбегінен көре аламыз. Ол Сан-Лоренциа шіркеуін суреттей отырып, «Қоршаудың астында Мильоне атты