Труды III Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы». Николай Сергеевич Лустов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Николай Сергеевич Лустов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения:
Год издания: 0
isbn: 9785005972484
Скачать книгу
қолданудың маңыздылығы қарастырылған. Ақпараттық технологияларды ағылшын тілін оқыту үдерісінде пайдалану оқушылардың жан-жақты білім алуына жол ашып, мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатына сай жақсы, жан-жақты дамыған оқушы иесі ретінде танылуларына негіз бола алады. Ақпараттық білім беру технологияларын оқыту үдерісінде тиімді пайдалану, өз кезегінде, ағылшын тілін оқытудың қарқынын арттыруға бейнелік және теориялық ойлауын дамытуға, оқушылардың ақпараттық қоғамның жағдайларына бейімделуіне ықпал етеді. Ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі бағыттары электронды оқулықтар мен интернет технологиясын пайдалану болып табылады, сонымен қатар дүниежүзілік интернет желісі оқушылардың білім өрісін кеңейтуге ықпал етеді.

      Түйін сөздер: ақпараттық технология, ағылшын тілі, интернет, электронды оқулық, көрнекілік құралдар, компьютер, коммуникативтік технология.

      Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады [2].

      Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану – басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық – коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.

      Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық – технологиялық құралдардың жиынтығы.

      Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.

      Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен – күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық – коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

      Ағылшын тілі – қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда [3].

      Оқытудың ақпараттық технологиясы –