Труды III Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы». Николай Сергеевич Лустов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Николай Сергеевич Лустов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения:
Год издания: 0
isbn: 9785005972484
Скачать книгу
сөйлеуіне жағдай жасайтыны белгілі. Жоспарланған жұмыс бойынша мұғалім түрлі тілдік проблемалар туғызып, сөйлеуге белсенділігін арттырады. Бірақ қалай?

      Бастауыш сынып мұғалімі сөйлеудегі белсенділік пен мәнерді тепе-теңдікте қалыптастыру үшін оқу жүйесін дұрыс түсініп, өз жұмыс жоспарын толықтырады. Демек, оқу бағдарламасынан тыс қосымша тапсырмалар беріп, баланың ынтасын оятып, әрбір оқушының сөйлеу деңгейін, ойлау қабілетін, шығармашылығын зерттейді. Ана тілі сабақтарында әңгімелеуге тән тапсырмаларды орындатып, мұдірмей сөйлеуге дағдыландырады.

      Бастауыш сыныпта білімалушылардың тілін дамыту барысында, ең әуелі сөздік қорының көп болуын және оны тиімді қолдана білуін басқарған жөн. Осы мақсатта жүйелі еңбек еткен мұғалімнің методикасында ауызекі сөйлеу тіліне сай алғашқы күннен бастап-ақ, сюжетті суреттер бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы әңгімелеу, өзінің жанұясы жайлы әңгіме құрастыру, өзі жайлы мақтанышпен айту секілді жұмыс түрлері болғаны абзал. Бұл баланың эмоциясын көрсетумен бірге өз ойын анық жеткізуге, сөздерді орынды қолданып, оны дұрыс айтуға, сөздік қорын байытуға бағыттайды.

      Тілді дамытуда тіл мәдениетінің жоғары деңгейде болуын қадағалаған мұғалім тіл арқылы өз ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізуге болатынын ескеріп, оқушының да ізденіске бейімделушілігін молайту жолдарын арттырады. Осы орайда инновациялық технологияның әртүрлі коммуникациялық тәсілдерді пайдалануына мүмкіндік беретіндігі көрсетіледі.

      Оқушының мәнерлеп сөйлеуіндегі проблемаларды шешу негізгі мақсат болса, мұғалім баланың сөздерді тез қабылдап, оны қолдану орнын білуге жағдай жасап, мүдірмей сөйлеуге машықтандырады.

      Бастауыш сынып оқушысының сөйлеу мәнерін қалыптастыруда тек қана өз ұлтымыздың ауызекі шығармашылығының тигізер ықпалы зор. Себебі, ағартушы, ақын Ахмет Байтұрсыновтың өзі: «Тіл дамыту мәселесі тек қана грамматика заңдарын үйретіп, не болмаса, сөздерді балаға үйрету ғана емес, сөзді тіршілігінде пайдаланып көрсету барысында ғана шешуге болады», – деген тұжырымы сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылары мен белсенді түрде сөздік қарым-қатынас жасайтынын айтады.

      Ол үшін халқымыздың ертегі, аңыз әңгімелері, мақал-мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары жеңіл тілімен беріліп отыруы керек. Балаға жаңылтпаш үйреткенде, оның айту процесін бақылап, сөзді дұрыс сөйлеуге бағыттаған жөн. Өйткені, кейбір баланың тілі келмей, жаңылтпаш айту ережесін бұзып алып отырады. Ал, мұғалім соның бәрін зерттей отырып, сөздердегі дыбыстарды анық айтуға дағдыландырады. Ауыз әдебиетінің келесі түрі – жұмбақ айтқызу. Бұл баланы тапқырлыққа үйретумен қатар ойлау қабілетін кеңейтіп, оның тілін ұштауға көмектеседі. Ал, баланың сөйлеу нақышын реттеуде мақал-мәтелдерді орынды қолдану мен оның пайдасы орасан зор. Оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқуда белгілі бір тақырыпты оқытқан кезде екінші бір тақырыппен сәйкестендіріп алу ыңғайлы болады. [2,456].

      Бастауыш сыныпта сөйлеу мәнерін меңгертудің келесі жолы: кешенді оқыту технологиясы.