СОҒАДЫ ТУЛАП ЖҮРЕГІ. ӨЛЕҢДЕР. Мұрат Әбдірахманов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Мұрат Әбдірахманов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Поэзия
Год издания: 0
isbn: 9785005162649
Скачать книгу
ма, қуанарлық.

      Ағайын, осыны біз ойланайық,

      Жағажайды жөндеуді қолға алайық.

      Шипажайдың күтімі, емі жақсы,

      Атауы да өзіне болсын лайық!

      Ұлы ғалым, «аққан жұлдыз» Шоқанның,

      Есімі берілсе Щучьеге,

      Қуанар еді оған бар халайық.

2011 ж.

      ДАЛАНЫҢ ЕРКЕСІ – ЕЛІНІҢ СЕРКЕСІ

      (Тоқмағанбет Домаұлы – Тоқан Хазірет (1851—1916г г) Ереймен өңірінде есімі аңызға айналған ерек тұлға. Өмірден өткеніне бір ғасыр толса да, есімі ел жадынан өшкен жоқ.

      2015 жылы Тоқан Хазреттің шөбересі үйімізге келіп Мұратқа ұсыныс жасады: әуелі мақала, кейін кітап жазсаңыз деп. Соларды жазу үстінде Мұрат осы өлеңді шығарды)

      Ерейментау – сенде келген өмірге,

      Бөкең, Жантай қалды ұялап көңілде.

      Есіргеп-Нияз ізін басқан Тоқаңның

      Бой көтерді мәрмәр «Үйі» өңірде.

      Керегетас, Тұмсық дана мекені,

      Күнгей тұсы Күншалғанға өтеді.

      Оң қапталы – Баянауыл өлкесі,

      Қарсы беті Кәрітауға жетеді.

      Дана туған Тоқмағанбет анадан,

      Тылсым дүние жұмбағына ой салған.

      Ел жадында қалған мәңгі аңыз боп,

      Ұлы тұлға Мәшһүрмен ол дос болған.

      Білім алып Қызылжарда Хазіреттен,

      Көзін ашып, пенделерге нұр шашқан.

      Ел ішінде уағыз айтып, дау шешіп,

      Қасиетін қару еткен о бастан.

      Ғажайып сыр жатыр әрбір ісінде,

      Ойлап көрсең зердеге сап ішіңде.

      Өз-өзінен арбаға ерген асауды

      Көріп пе едің өңіңде, әлде түсіңде?!

      Шауып жеткен шайнамақ боп бура да,

      Тұрып қапты бір әсерден қалт етіп.

      Ұрыныпты қарғысына бір содыр,

      Болмашыға ел еркесін ренжітіп.

      Бұл айтылған бабамыздың бір қыры,

      Ел аузыңда сақталыпты сан сыры.

      Деген екен дүлдүл ақын Олжабай:

      «Тоқан Хазірет тірілерден көп ірі».

      Ақажандай қалпенің де аты аян,

      Әке жолын жас шағынан ұстанған.

      Жатқанында түрмесінде Омбының,

      Зыңдан кілті өздігінен ашылған.

      Табиғаттың тылсымынан сеземін,

      Көп күткендей Сәуегей де кезегін.

      Енді бүгін қайта оралып араға,

      Шаттанып тұр, құшып-сүйіп – өз елін!

      Құт әкелсін Кесене мол өмірге,

      Қуат берсін тәу етуге келгенге.

      Ел легі оған келген таусылмай,

      Көрік беріп тұрсын мәңгі өңірге.

Астана, 2014 жыл. 30 тамыз

      СӘДУАҚАС ҒЫЛМАНИГЕ АРНАУ ӨЛЕҢ

      (Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының басшысы (1943—1992), Қазақстанның қазиы (1951—1972), қоғам және дін қайраткері, ақын, аудармашы)

      Алла сөзін үмметіне нұр еткен,

      Мұхаммедтей бұл фәниден кім өткен.

      Әділ діннің дәнін сеуіп жадына,

      Жамағаттың жүрегіне мол еккен.

      Заманалар жаңылғанда күйістен.

      Ардақтардың тағдырлары түйіскен.

      «Гүлді өмірді ауыр тұман басқанда».

      Қаскөйлермен