ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ. Кеңес Оразбекұлы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Приключения: прочее
Год издания: 0
isbn: 9785005103062
Скачать книгу
алдына барамыз, – деді.

      Күзетшілер оларды Спаргапистің жорық шатырына алып келді.

      – Мына түсініксіз хат қайдан пайда болды? Мұны оқи аласыңдар ма, қайсың оқисыңдар? – деді Спаргапис олар кірген бойда.

      – Мен оқимын, – деді Нар алдыға шығып, хатқа қолын созып. Ол хатты алысымен орауын жазып, оқи жөнелді: « Спаргапис! Көк Тәңірдің атынан аян етемін! Тап қазір төрт құбылаға шолғын-шыларыңды жібер. Парсылар сендерді қоршап алды. Олар өздеріңді қойдай топырлатып қырып-жойсын демесеңдер, мына үш елшімнің қол-аяғын босатып, солардың айтқанын тыңдайтын болыңдар. Олар сендерге жол нұсқайды!

      Ерекше ілтипатпен өздеріңнің туғандарың – Зәрдаш пайғам-бар.»

      – О, Тәңірім! – деді қолбасшылар көкке қарап, таң қала тізе бүгіп.

      – Иә-ә! – деді Спаргапис хатты қайта қолына алып, оған үлкен мән бере үңіліп. Содан кейін оң жағында отырған қолбасшысына былай бұйырды:

      – Орхан батыр! Төрт құбыламызға шолғыншы жігіттерңді жібер! Тышқан құсап жорғалап, құс болып ұшса да, төңіректі тезірек барлап келсін!

      ***

      Ымырт қараңғысында шолғыншылар бірінен кейін бірі қайтып келіп, бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай «Қоршауда қалыппыз!» деп айтып жатты. Спаргапис Ер, Би, Нарды бұғаудан босатты да, қару-жарақтарын қайтып берді.

      – Иә, жігіттер, айтыңдар, қалың қоршауды қалай бұзып өтеміз?

      – Тақсыр, ол үшін былай етеміз, – деді Би. – Бар әскеріңізді сапқа тұрғызасыз да, оларға: «Біз қоршауда қалдық», – деп шындықты айтасыз.

      – Иә, сонымен?

      – Қоршауды түн қараңғысында Темірқазықты бетке алып терістік бағытта бұзып өтеміз. Сол жауапты жорыққа қару-жарақ-тарыңды сайлап, жақсылап дайындалыңдар! – деп әмір бересіз. Кейін үш-төрт тұтқын парсының қашып кетуіне жағдай жасайсыз. Олар қандастарына барып қосылып, біздің жағдайымызды баяндайды да, барлық күшін терістік бағытқа шоғырландырады. Ал біз алдымызға қалған тұтқындарды саламыз да, қоршауды әскер қатары селдіреген түстіктен, дария бағытында бұзып өтеміз. Тақсыр, біздің жоспарымыз – осы. Ал, сіздің алып-қосарыңыз бар ма?

      – Өте тапқыр, мықты жоспар екен! – деді Спаргапис толқып, қуанғаннан алақандарын ысқылап. – Ешқандай алып-қосарым жоқ! Дәл өздерің айтқандай іс жүргіземіз! – деді де өзі Ер, Би, Нарды кезек-кезек бауырына алып, құшырлана қысты.

      Сонымен қараңғылық үйіріле жіберген шолғыншылар қайтып келді. «Парсылар негізгі күштерін терістік бағытқа шоғырландырып жатыр. Ал түстікте әскер күші селдіреп қалған, – деп баяндады олар. Осы мәліметті алысымен Спаргапис қалған тұтқындарды алдыға салып, қолын түстікке, дария бағытына қарай бастай жөнелді.

      Парсылар шынымен-ақ алда келе жатқан тұтқын-жерлестерін көріп, олардың «атпаңдар, біз – өздеріңбіз!» – деген парсы сөздерін естіп, өз қосынымыз келе жатыр деп, қамсыз қалған еді. Олардың артынша лап қойған Спаргапистің қолына парсылар жарытып қарсылық көрсете алмай, босқа қырылды. Спаргапистің жасағы қоршауды осылайша бұзып-жарып өтіп, сақтардың негізгі қосынына көп шығынсыз келіп қосылды. Сол күні Тұмар ханым мен