ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ. Кеңес Оразбекұлы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Приключения: прочее
Год издания: 0
isbn: 9785005103062
Скачать книгу
Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

      Ұлы Дала елі тарихи тұлғалары мен оқиғалары

      Редакторы: Жақсылық Кенжалиев.

      Суретшісі: Құралай Үмбетова.

      Дизайнері: Гүлмінез Дүйсен.

      «Тұран баһадүрлері немесе Ер, Би, Нардың ерлік жорықтары» – балалар мен жас жеткіншектерге арналған, еліміз тарихындағы сонау ежелгі сақ, ғұн, түркі және хандық дәуірлерді көктей шолып, сол дәуірлерде өмір сүрген тарихи тұлғалардың өмір-тіршілігін көркем тілмен баяндайды. Сонымен бірге Ер, Би, Нар атты бүгінгі заман балаларының «дәуір сағатымен» кеңістік ауыстырып, тарихи кезең-дерге жасаған шым-шытырық оқиғалары, тұран баһадүрлерін құт-қарған ерлік жорықтары арқылы бүгінгі балалардың ой-армандарын жүзеге асыруды көздейді. Былайша айтқанда, автор қазіргі заманның Ер, Би, Нар атты басты кейіпкерлерін шет жұрттың Өрмекші адам, Гарри Поттер сияқты танымал кейіпкерлері дәрежесіне дейін көтеріп, жас ұрпаққа үлгі-өнеге болар қазақтың төл қаһармандарын қалыптастыруды басты мақсаты еткен. Автор бұл ой-мақсатын қандай дәрежеде жүзеге асырғанын өздеріңіз таразылай жатарсыз-дар, құрметті оқырман.

      Тарихи-танымдық бұл хикаят тұран баһадүрлері – Алып Ер Тоңға, Анахарсис, Тұмар ханым, Мөде қаған, Аттила, Күлтегін, То-ныкөк, Әл Фараби, Қайырхан, Жәнібек хан сынды тарихи тұлға-лардың ірі болмыстарын танытып қана қоймай, олардың әлемдік өркениетке қосқан үлестерін, соғыс өнеріндегі тактикалық әдіс-амалдарын, аңызға айналған өмір-тіршіліктерін шынайы түрде ашып көрсетуге тырысқан.

      Шығарманың тілі жеңіл, шытырман оқиғалы, оқырманын үлкен-кіші демей бірден баурап әкетеді. Балалар мен жас жеткіншекті тарихын сүйіп оқуға құлшындырып, олардың бойына білімдарлық, ұлтжандылық, отаншылдық, имандылық сияқты биік рухты қасиет-терді дарытуға ұмтылдыратын қасиеттерге ие.

      Балалар әдебиетінің жоғын түгендеген құнды шығарма

      Кеңеспен және оның шығармашылығымен бұрыннан таныспын. Әрине, бұрын баспасөз беттерінде жарияланып жүрген әңгімелерін оқып жүрсем, кейін кітаптарын оқи бастадым. Жалпы Кеңес бауырым балалар жазушысы болып өмірде бірден жаралғандай болып көрінеді маған. Елуді еңсерсе де осы күнге дейін оның жан дүниесінен бала мінез, адами пәктік сол саф алтын күйінде сақталған. Бұл Кеңкеңнің сом адами болмысы деп білемін. Балалық мінездің сақталуы бір жағынан ат жалын тартып мінгеннен бері ол тек балалар баспасөзінде үздіксіз істеп келе жатқанынан да болар деп болжаймын. Қысқашалап айтсақ, ол бүкіл ғұмырын (әрі болашақта да солай болар) балаларға арнаған баһадүр жазушы.

      Бүгін мен шама-шарқым жеткенше ойымды, пікірімді білдірейін деп отырған «Тұран баһадүрлері немесе Ер, Би, Нардың ерлік жорықтары» атты оның шығармасы, атап айтқанда тарихи-танымдық, фантастикалық хикаяты өзгелерге ұқсамайтын ерекше дүние екенін бірден баса айтқым келеді. Осы жерде бір айтып кететін жайт, балалар әдебиеті жазушылары қатарында Кеңекең менен бұрын да аты нық орын алған сақы жазушы. Неге екенін білмедім, осы шығармасы туралы маған пікір білдіріңізші дегенде мен іштей қысылдым. Әрі осындай мықты жазушы маған қолқа салғаны мені қатты қуантты. Бұл туындының қазақ балалар әдебиетінде ерекше тың шығарма екенін тағы да қайталап айтамын. Оны балалар әдебиетімен таныстығы бар кез келген адам айтады ғой деген ойдамын. Алдымен оның тақырбының өзі ешкімге ұқсамай-тындығымен андағайлап тұр. Бір қарағанда тақырып тым шұбалаңқы көрінеді. Бағамдап, бажайлап қарап тұрсаң, одан артық сөзді таба алмайсың. Бәрі орын-орындарында жеңіл айтылады, балалар түгілі ересектердің өздерін оқуға бірден құлшындырады.

      Балалар әдебиетінде жетпейтін, жазыла бермейтін, әлі жазыл-маған тақырып, ол – тарихи тақырып. Қай ел, қай ұлт болсын болашағы балаларына алдымен тілін, содан соң тарихын үйретуге, олардың жадына сіңіруге тырысады. Осы екі саланы сіңірген ұрпақ аяғын нық басады, ұлтынан кетпейді, отаншыл болады. Сондықтан олар тарихи дүниелерге зор зейін қояды. Ал біздің жазушылар бұған жолай қоймайды. Кеңес бауырым бұл тақырыпқа батыл да, біліп барған. Біліп барған деуім осы тақырыпқа бару үшін алдымен өзің сол тарихты бүге-шүгесіне дейін білуің тиіс. Мінеки, қысқасын айтқанда ол осы аталған шығармада тарих әлеміне кейіпкерлерімен бірге саяхат жасайды. Тек қана саяхат жасамайды, ондағы оқиға-ларға үшем Ертөре, Битөре, Нартөре баһадүрлер өздері араласады. Өздері жаумен шайқасады. Мұндай әдіс шетел әдебиеттерінде бар. Олардың кейіпкерлері де өткен тарих әлеміне ғажайып қияли құбылыс арқылы шегініс жасап, ондағы кейіпкерлерімен бірге жүреді және оқиғаға араласады. Кейбіреулер ойлағандай бұл әрекет арқылы тарихқа қиянат жасалмайды. Бұл әдебиетте, өнерде, кинода бұрыннан бар әдіс. Кеңес оны тың жол – қазақи жолмен балаларға түсінікті оқиғалар арқылы әдемі өріп отыр. Ер, Би, Нардың ерлік жолдары үнемі «Ерлік алаңынан» басталады.

      Біз Тұранның ұлдарымыз,

      Ерлік – басты ұранымыз.

      Ойын да соған дайындық.

      Отаншылдық – жыр-әніміз! —

      деген ұранмен тарих әлеміне сүңгиді. Бұл біздіңше сәтті қолданыс. Жақсы әннің қайырмасы іспеттес. Шығарманы оқып шыққанда таң қалғаным, сол оқиғалар ортасына өзің де еріксіз кіріп кетесің. Тілі жеңіл. Ойы ырғақты. Оқиғаларға