ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ. Кеңес Оразбекұлы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Приключения: прочее
Год издания: 0
isbn: 9785005103062
Скачать книгу
періштелерім менің! Жүріңдер. Ел-жұртымызға тезірек жетейік! – деп, Анарыс баба жас баһадүрлерді емірене бауырына қысып, арбаның артынан ілесті.

      «Кескілескен шайқаста мен жеңіп шықсам да,

      тірі қалсам да, сен (Кир – К.О.) менің түбіме жеттің. Өйткені, жалғыз ұлымды айлакерлік қулық-сұмдықпен қолыңа түсірдің, ажалына жеттің. Тап сондықтан да енді мен, өзіңе ескерткенім сияқты, қанға деген тойымсыз құмарыңды қандырамын». Кир қазасы жайлы көптеген әңгіменің неғұрлым шындыққа

      жақыны осы деп ойлаймын».

      Геродот «Тарих».

      «Кир үшін қасіретті аяқталған бұл шайқас

      табанды Рим легионының парфияндық қолбасы

      Суреннің атақты салтаттыларымен кездескен

      Красстың парсылармен соғысын еске салады.

      Массагеттердің ұшқыр сарбаздары Кирдің әскерін

      шыр айнала қоршап, қоянқолтық айқасқа жола-май, парсылардың жаяу әскерін жебенің астына алды. Жаяу әскерден гөрі, салтаттылардың

      оғы көп еді және қорамсақтарын дер кезінде

      толтырып әкеле қоятын, өйткені қосын күрені

      жақын жерде орналасқан».

      В.В.Струве, «Кавказдың солтүстік

      Қара теңіз жағалауы мен Орта Азия тарихы

      туралы ойлар».

      Кирдің түсі

      Үшеуі «Ерлік алаңына» таң сәріден келді. Астарында жан серік-тері – Ақбоз, Көкбоз, Тоқбоз. Үстерінде – Алып Ер Тоңға сйылаған сауыт-сайман, бойларында —бес қару, арқаларында —жол қапшық. Олар әдеттегідей Тұран баһадүрлеріне тағзым етті.

      – Ал, – деді Би. – «Кеңістік сағаттарыңды» біздің дәуірімізге дейінгі 530 жылға туралап қойдыңдар ғой?

      Бауырлары сағаттарын тексеріп көрді де:

      – Туралап қойдық! – деді.

      – Онда біз Тұмар патшаның заманына сапар шегеміз. Ал, ұранымызды бастайық:

      Біз —Тұранның ұлдарымыз,

      Ерлік – басты ұранымыз!

      Жорыққа сай, дайынбыз,

      Текті елдің қыранымыз! —

      Олар өз ара келіскендей, сағаттарының түймесін басып қалады. Сол сәтте кеңістік өзгеріп, үшеуі ежелгі дәуірден шыға келеді.

      ***

      Парсының жеңілуді білмейтін Кир патшасы Вавилон жорығынан кейін біздің дәуірімізге дейінгі 530 жылы Сақ даласына келіп кіреді. Өзінің бармақтарынан бақайшағына дейін қаруланған 300 мыңдық қалың әскерімен жолындағысын тасқын судай жайпап, тыңнан түрен сала келіп, ұлы Сейхунның9 бойына тоқтап, күрендерін тігеді. Алдыңғы бақауыл жасақтарымен Сақ елінің әскери күшін сараптап, жер жағдайымен таныса келіп, өзінің басты қарсыласы – Сақ падишасы Тұмар ханымның ордасына елші жібереді.

      ***

      Тұмар ханымның еңселі ақ ордасы. Төрдегі биік тақытта Тұмар ханым. Төңірегінде уәзірлері мен қолбасшылары. Бір бүйірде оның ұлы Спаргапис, жанында онымен бауырласып үлгерген Ер, Би, Нар отыр. Ашық тұрған есіктен парсы елшісі кіріп келеді. Ол:

      – Сақтардың ұлы падишасы, Тұмар ханым. Сізге парсының ұлы патшасы Кир дұғай-дұғай сәлем жолдайды. Ол: «Сақтардың ұлы ордасының жесір ханымы маған


<p>9</p>

Сейхунның* – Сырдарияның.