ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ. Кеңес Оразбекұлы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Приключения: прочее
Год издания: 0
isbn: 9785005103062
Скачать книгу
сол кісінің алдына апарды.

      Балалар жөн сұрасып, негізгі келген шаруаларын реттеп болғаннан кейін, Анарыс бабаның қазіргі жай-күйімен де танысты.

      – Ең жақын досым әрі ұстазым Солон қайтыс болғаннан кейін, оның жылын өткізіп, барлық мұраларын ретке келтіріп, шәкірттерінің біріне тапсырдым да, елге қайттым, – деді Анарыс әңгімесін жалғап. – Сондағы басты көздегенім – өз жұртымның сауатын ашу, скиф мемлекетінің негізгі тұғырын, яғни грекия-дағыдай патша, тәңірқұттан бастап, әскері мен қарапайым халқына дейін заңмен, тәртіппен өмір сүріп, жүріп-тұруға қалыптастыру еді. Сол мақсатта еліме келе салып, сауат ашу, шешендік өнері ұғындырғыларын6 аштым, балаларды оқыттым. Бос уақыттарымда скифтердің өмір-тұрмысына лайықтап жарғы баптарын құрас-тырумен айналыстым. Күндердің күнінде сол заң-жарғыларым дайын болды. Қайта-қайта қарап, пісіп-жетілді-ау деген күні қала халқын жинап, ел алдында оқып бердім. Бірен-саран бай-шонжарлар болмаса, көпшілік халыққа бұл заң-жарғы қатты ұнады. Ел менің еңбегімді қолдап-қуаттап

      қана қоймай, тәңірқұттың құзырына апарып, бекіткізуімді өтінді. Елдің ыстық ықыласына бөленген заң-жарғыны мен тақта отырған бауырым Сабылдың қолына тапсырдым. Мән-маңызын түсіндіріп, тезірек қабылдауын өтіндім. Ол заңмен танысып шығайын деп алып қалды. Бірақ көп өтпей менің ісімнен береке кетті. Артымнан аңдушы, арандатушылар көбейіп, жан-жақты қудалауға түстім. Шәкірттерім сабақтарына келе алмай, ұғындырғым жабылып қалды. Содан кейін осылай ел-жұрттан безіп, еріксіз дәруіш-қаңғыбастық жолға түсуіме тура келді. Жағдайым осылай, жас достарым. Енді тек даңғыра, кепшік қағып, көктегі бір Тәңірімнен халқымызға, ел басшыларына таупық-тәубе7 беруін тілеймін. Байланған көздерінің ашылуын, қудалау, көре алмаушылықтардың жолы кесілуін тілеп, жалбарынумен күн өткізудемін.

      Дәл осы кезде сенімді күтушісі Арданның:

      – Дастарқан дайын, тамаққа келіңіздер, – деген даусы шықты.

      Олар үлкен тақта тастың үстіне жайылған дастарқанның айна-ласына жайғасты. Балбырап бабымен піскен жылқы етін жеп, сорпа мен қымыздан дәм татты.

      – Анарыс баба, – деді Би қымызды төңкеріп ішіп болып. – Эллиндер сізді де Солон, Фалес, Периандрлар сынды ғұламалардың қатарына қосып, құрметтеп өтті. Шешендік даңқыңыз шартарапқа жайылды. Дегенімен бізге мына жайды түсіндіріңізші: Олар, яғни Биант, Питтак, Солондар эллиндік шешендік мектебінен қалып-тасып шыққан, сол ортадан оқу, тәрбие, өнеге көріп жетілген кісілер еді. Ал, сіз Скифиядан, яғни, оларша айтқанда, жабайы өлкеден бардыңыз, ендеше шешендік өнерді қалайша тез меңгеріп, игеріп кеттіңіз? Соны түсіндіріңізші.

      Бұл сауалға Анарыс баба бар мейіріммен жымия күліп тұрып, асықпай жауап берді:

      – Е, балалар, бір негіз, тұғыр болмаса, мықты үй тұрғыза алмайсың. Олар қанша жерден жабайы дегенімен, біздің де өз далалық өркениетіміз қалыптасқан. Біздің скифтердің арасында да аузымен құс тістеген шешендер, қара қылды қақ жарған билер, өлең мен жырды төгілткен суырыпсалма


<p>6</p>

Ұғындырғы* – мектеп.

<p>7</p>

Таупық-тәубе* – тәубеге келу, түсіністік.