Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Историческая литература
Год издания: 0
isbn: 9785005549495
Скачать книгу
еді, бір атты жігіт атын ойқастатып қасына жетіп келді. Шоңға мына жүрісі ұнамады. Сонда да Шоң үндеген жоқ. Тездетіп жігіттің аты мен өзін шолып өтті. Үстіндегі киімі сәнді, атының ертоқымынан бастап, ат әбзелдері бәрі түгел күмістелген. Әлгі каптап жүрген серілердің бірі боларсың деп, іштей бір түйіп те қойды. Шоңға мына жүрісі, тұрысы ұнамады. Сондықтан қазақ тәртібімен аттан түс, жолың болсын деген сөздер айтпады. Шоң бұрылып жүре берген еді. Жігіт енді ат үстінде ұзағырақ тұрып калғанын түсініп, тездетіп аттан түсіп келіп Шоңға сәлем берді. Шоңның өзі де білмейді, құлағына сәлемі ыңғайсыздау естілді.

      – Шоң болыс сіз боласыз ба? – деп сұрады. Шоңға мына сұрағы ерсілеу көрінді, ұнатпай тұрды да, артынша айтқан:

      – Иә, мен боламын, үйге кір, – деді. Мына атын біліп тұрған адам алыс жерден, бір даумен іздеп келген адам шығар деп болжаған, содан кейін үйге кір деген. Шоңға сонау Қаржастардан, мына жақта Қаракесектерден, Темештерден бір даудың мәселесін шешуге, ақылдасуға билер, болыстар келіп жататын. Енді сондайлардың бірі болар деп болжаған. Әлгі сөзден басқа түк айтқан жоқ, бұрылып жүре берді. Артынан еріп, жігіт те кірді. Әдетте, Шоң құс аулап келгенде өзінің жазу жазатын бөлмесіне кіретін. Сонда жатып біраз дем алатын. Содан соң іске кірісетін. Артынан жігіт келе жатқан соң оны жасаған жоқ. Қонақ қабылдайтын кең бөлмесіне кірген еді. Артынан жігіт те кірді. Әлі үй иесінен әлгі бір сөзден басқа аузынан сөз шыққан жоқ. Жігіт ренжіп қалды да, жоғары аттамай тұрып қалды есік жақта. Бұлардын артынан іле-шала кірген Әйімкүл:

      – Жоғары шығыңыз! – деді.

      Әлгіден бері жігіттің көңілінен шыққан сөзі осы «жоғары шық» болды. Бұдан кейін Әйімкүл шығып кеткен еді. Шоң сұрады.

      – Қай жақтан боласың?

      – Атығай-Қарауыл елінен келе жатырмын.

      – Шырағым, тым алыстан жүр екенсің. – Алыстан екенін білгеннен кейін әлгінде кіріп-шығып кеткен Әйімкүлге дауыстап: «Әйімкүл, қымыз әкел» деді.

      Шоңның әуелден қалыптасқан әдеті бар еді, келген адамнан не шаруаман келгенін өзі айтпаса сұрамайтын, арада бір күн өткізіп, оның аузынан сөз шықпаса ғана сұрайтын. Жігіттің айтқаны:

      – Әдейі, сізбен кездеспекші болып, алыстан іздеп келдім.

      – Оның дұрыс екен. – Шоң көңілден шықсын-шықпасын, сөзін осылай «оның дұрыс» екенмен бітіретін. Дегенмен, жігіт туралы ойда отыр еді. Ел шаруасына араласуға тым жастау екен, сірә, бір қыз іздеп жүрген жігіт боларсың деген ойға тоқтаған еді. Талай жігіттер мен олардың әкелері: «Шоңке, анау пәленше сөз тыңдайтын емес, қызы көңілін бөліп тұр, содан бірдеңе айтыңыз» деп келетін. Мына жігіт алыс жақтан келіп отыр. Қандай оймен келгенін білмейді. Әкесі бір шаруамен жіберген шығарға және тіреген. Дегенмен, мына жігіттің не шаруамен келгенін әлі білмей отырған. Әлгінде ат үстінде тайталақтап тұрғаны да ұнамай қалған. Бір мықты бидің, байдың баласы боларға тоқтаған еді.

      Осы кезде Әйімкүл қымыз әкеліп алдына қойды. Шоңға піскен сүт әкелген. Соңғы кезде қан қысымым көтеріліп кетеді деп, Шоң қымыз ішуді қойған. Ішсе де бір сағына ішетін. Әйімкүлдің келген