Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Историческая литература
Год издания: 0
isbn: 9785005549495
Скачать книгу
сәті түскен күндей көрінді оған.

      – Қазір мен сол кісіні шақырта қояйын. – Сары Тоқаның ауылына кісі жіберген еді.

      Сары Тоқа Шоңмен жас жағынан шамалас адам еді. Көп адамдар сияқты Шоңның болыстығына қарамай, оның құрдастығын пайдаланып еркін сөйлейтін. Қажет жерінде әзілдесіп ойнай да беретін. Шоңның шақырып жатқанын естіп, содан соң «бұл шоқынды мен неге іздеп жатыр екен» деп жетіп келген еді. Сары Тоқа қайда барса да домбырасын өңгеріп жүретін. Өйткені, өзінікінен басқа ешқандай домбыраны жақтырмайтын. Домбырасын қыса ұстап кіріп келді. Сөйлей кірді.

      – Шоң, сен мені онша іздемеуші едің, неге керек болып қалдым?

      Алдында жиі шақыратын Шоң соңғы кезде бас ауруына байланысты ма, Сары Тоқаны шақыра бермейтін. Оның да Шоңның сонысына өкпесі бар еді. Соңғы кезде Ахметжанды да жібере бермейтін. Бірде ол да айтқан еді, әкем менің домбыра тартқанымды онша ұнатпайтын тәрізді, содан кейін әлгі сөзі үшін Шоңға деген бір реніш пайда болған. Ахметжанның айтқаны есіне түсіп кетіп, содан кейін Сары Тоқа сөз бастап келе жатыр еді, оны Шоң тоқтатып тастады да:

      – Шыдамсыздық танытпай, алдымен дұрыстап отырсайшы. – Шоң Сары Тоқаның асығыс бірдеңе айтып келе жатқанын ұнатпай қалды да, содан кейін қонағына назар аударып, – бұл кісі біздің жақтың айтулы күйші-домбырашысы болады. Байқап отырған боларсыз, домбырасын өңгеріп келді, қайда жүрсе де бұл серігін тастамайды. Әйелінен де жақсы көреді бұл дүниесін…

      – Неге тастаймын, менің барлық қызығым да, қуанышым да осы домбырада. Шоң, дұрыс айтасың, рас, әйелімнен де жақсы көремін.

      – Жарайды, сенің әйелің мына сөзіңді естімей-ақ қойсын. Мен сені Көкшетаудан іздеп келген мына домбырашы ініңмен әдейі таныстыруға шақырдым.

      – Менің ол жақта домбырашы інім жоқ еді ғой…

      – Сенің жолына түскен адамның бәрі де саған жолдас, туыс, дос. Бос сөзді сөйлеме. – Сөзі ұнамаса осылай қағып тастайтынын білетін Сары Тоқа артықтау бара жатқанын сезді, сәл үндемей отырып қалды да артынша:

      – Сенің менен жасың кіші, олай болса тарт. Алдымен сені тыңдап көрейін, – деді Сары Тоқа.

      Жігіт Кұрманғазының күйлерінен бастап, Дәулеткерейге тоқтады.

      – Тәттімбеттен не білесің?

      Жігіт оның да екі-үш күйін тартып берді.

      – Өзің күй шығарасың ба?

      Жігіт отырып өзі шығарған бірнеше күйлерін орындады.

      – Бауырым, күйіңде әуен көп екен.

      – Көп болғаны жақсы емес пе?

      – Көп болғаны тартушысын шатастырады, сондықтан күй бірқалыпты, бір әуенді болуы керек. Бұл күй үшін жазылмаған заң тәрізді…

      – Ағасы, сіздің бұл айтқаныңыз дұрыс емес, әуеннің көп болғаны күйді байытады.

      – Жоқ, бауырым, күйге екпіндей жоғары шығып, төмен түсу жарасады. Бірақ мына сенің күйлеріңде әуен көп екен. Ал ол өлең емес, күйге келмейді.

      – Ағасы, өзіңіз қай күйшіден үйреніп жүрсіз?

      – Мен қазіргі, бұрынғы күйшілердің бәрінен үйренемін. Әлгі өзің тартқан күйлердің