Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Историческая литература
Год издания: 0
isbn: 9785005549495
Скачать книгу
жағасына қоныстанып жатқан. Жігіттің соларды естіп алып, айтып отырғанын түсінді. Оның үстіне орыстардың әлгі қылығына бір үлкен ашумен келіп отырғанын ұқты да Шоң:

      – Жанжалдасудың қажеті жоқ. Олармен тіл табысып отыру керек. Есіңде болсын, алдымен бізді емес, жоғарыда отырғандар соларды тыңдайды. Соны білетін кейбір орыстар есіріп кетеді. Осы жаққа келген орыстардан да соны байқап жүрмін. Ал ретсіз, әлгіндей қылық жасаса, оларды да тоқтатады, жоғарыда отырғандар.

      Жігітке Шоңның мына сөзі ұнамады. Турасына көшкен еді.

      – Соларды қасымыздан қалай қуып шығуға болады? Біздің жақта сізді занды көп біледі дейді.

      – Қуып шыға алмаймыз, күш солардың қолында. Орыстарды қоныстандыру патшаның басты саясаты.

      – Енді не істеуіміз керек? Мына қалыпта жақсы тіршілік болмайтын тәрізді.

      – Соны өзім де білмеймін…

      – Өзіңіз Нұра бойына келуді тоқтатыпсыз ғой. Қалай тоқтаттыңыз?

      – Бұл уақытша тоқтау ғана. Менен сұрамайды. Алда тағы да көшіп келуі мүмкін…

      – Өзіңіз болыссыз, орыстармен қатынасыңыз жақсы көрінеді, қалай тоқтатамыз? Мүмкін, ана жоғары жақта отырған адамдарға пара беру керек шығар.

      – Есіңде болсын, пара беріп тоқтата алмайсың. Орыстардың осылай қарай жылжуы патшаның басты саясаты екенін ұмытпа. Тек көшіп келгендердің жасап отырған заңсыз қылықтарын жоғары жаққа хабарлау арқылы бірдеңе жасауға болады. Қазақта басқа амал жоқ…

      Мына сөзді жігіт ұнатпай қалды. Шоң да оның көңілінен шықпағанын білді. Сәл отырып айтқан:

      – Сізді орыстармен жақсы дейді ғой. Қалай жақсы болдыңыз? Соны маған айтыңызшы. Мен де сіздің әдіспен сөйлесіп көрейін. Жігіттің жағдайға түсінбей отырғанын байқап Шоң қаттырақ сөйледі.

      – Саған оны кім айтты, менің орыстармен жақсы екенімді?..

      – Ел айтып жүр.

      – Шырағым, ол бос сөз болар. Мен орысша білген соң айтар ойымды жақсылап орыстарға жеткіземін. Содан кейін орыстар да кейде менің сөзімді тыңдайды. Басқа жағынан басқа болыстармен бірдеймін.

      – Елдің аузынан естідім, сізге ояз да, басқа да орыстардың сорпа бетіне шығарлары да келіп жүретін көрінеді.

      – Келсе шаруа жағдайымен келеді. Болыс болсаң, саған да барады.

      – Жоқ, ағасы, ояз кез-келген болыстың үйіне келе бермейді және оның сайлауына қатыспайды.

      – Менің сайлауыма ояздың қатысқанын кім айтты?

      – Өзі қатыспай-ақ, келген адам ояздың айтуы бойынша, сізді жақтап өткізетін көрінеді. Яғни, сіздің орыстар алдында беделіңіз бар. Сіз оларға сөзіңізді тыңдата білесіз. Сіз де бізге көмектессеңіз. Біздің жақтың болыстарына сіздің әдісіңізді айтып барайын.

      Біреу сыртынан мақтап-мақтап жіберіп отырғанын білді. Не айтарын білмей қалды. Жігіт сөзін әр қарай жалғады.

      – Сіз оның үстіне Құрылтайға қатысып, патшаны мақтап сөйлепсіз.

      – Ондай жағдайда патшаны қанша жек көріп тұрсаң да мақтап сөйлейсің. Тәртіп солай. Келіп басып алған орыстарға қазіргі заманда қарсы сөз айтуға болмайды. – Біреудің