Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Историческая литература
Год издания: 0
isbn: 9785005549495
Скачать книгу
деген. Ақыры, аулында жанжал болып амалы таусылған бай жүйрігін алып келген.

      Қазақтардың қулығына түсініп алған орыс-казактар әр атты шауып көріп, жүйріктерін ғана алып жатты.

      Енді қазақтардың жағдайын біліп алған казак-орыстар қулыққа көшті. Жүйрік аттардың орнына ортан қол аттарды алып келсе, оның үстіне ақша алған еді. Шоң мұны сезіп қалған, арты жақсы болмайтынын білген. Ертеңгі күні бұл жағдай генерал Колпаковскийдін құлағына тисе, ол губернаторға жеткізіп, оның арты үлкен жанжал болатынын сезді. Оны осында өзімен бірге еріп келген казактардың өздері, біріне бірі ерегісіп жеткізетінін де сезіп отыр еді. Шоң оңаша отырғанда өздері келіп айтатын, анау Михаил, жүйрік емес, бір атты алды, ақысына үстіне ақша алды дейтін. Мынаның үлесі кетіп бара жатқан соң осылай деп отырғанын Шоң түсінген еді. Казак-орыстардың мінезін білетін, біреу артық бірдеңе алып қалса, екіншісі жоғарыда отырған бастықтарына жеткізетін мінездері бар екенін баяғыдан біліп жүрген. Және олардың айтқаны ақтан тиетін. Казактардың жіберген арызына ояздан бастап губернаторға дейін екі етпей орындайтын. Егер соны жасаса, анау Колпаковскийдің алдымен өзін кінәлайтынын Шоң білді. Содан кейін өз болысына келген орыс-казактардың төрт көзі түгел отырғанда айтқан:

      – Сендер мына қылықтарыңмен генерал алдында масқара боласыңдар!

      – Біз таңдап алған жылқыда ол кісінің не шаруасы бар?

      – Сендер апарған жылқыларды басқа казактарға береді. Олар әкелген аттарыңның нашар екенін генералға жеткізеді. Мұның арты үлкен дау болатынын түсініңіздер! Сендер бұл қылықтарыңды қоймасаңдар, жоғары жаққа өзім жеткіземін.

      Мына сөз қатты әсер еткен тәрізді. Енді жүйрік деп әкелген бірнеше аттарды қайтарып жіберді. Дегенмен, казактарға мол беріп, ақшаны кейбір байлар нашар аттарын өткізгісі келетін. Шоң оны біліп алған. Мұның арты бір қиын шаруаға апаратынын Шоңның іші сезетін. Казактарға ескертуін тыңдамаған соң сөзі таусылғандай болып жүрген. Ендігі әкелген жылқыларды өз адамдарына шаптырып көретін. Оларға айтып қойған, егер жүйрік емес атты жүйрік десеңдер, зан алдында жауап бересіңдер дейтін. Шоңның заңды аузына алса жайдан жай сөйлемейтінін, занды жақсы білетінін жерлестері де білген. Сондықтан Шоңның айтқанын екі етпей орындап жүрді.

      Шоң мұнымен шаруаны аяқтап қойған жоқ, бара жатқанда казак-орыстардың өздерінен алған жылқыны біреулерге сатып, болмаса айырбастап апарғанын білетін. Казактардың ондай жылпостығын түсініп алған Шоң. Содан кейін казактардың қабылдап алған жылқыларының әрқайсысының түсін, неше жаста екенін қағаз бетіне түсіріп еді. Содан кейін казактарға айтқан, осы қағазды пошта арқылы генерал атына өзім жібертемін деді.

      – Егер мұны ана жақтағы казактар білсе, генерал құлағына жетсе, сендермен қалай сөйлесетінін өздерің де білесіңдер, – Шоңның мұнысы өзінің де, билердің де беделін орыстар алдында сақтау болатын. Сондықтан осылай жасап отырған. Ол жалпы қазақ билеріне беделінің әсер ететінін