Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Историческая литература
Год издания: 0
isbn: 9785005549501
Скачать книгу
үйретіп жатырмын.

      – Қазақты жақсы көретін орысты көргем жоқ әлі.

      – Сіз орыстардың бәрін анау Захар старостасы мен оязбен салыстырып отырсыз ғой.

      Телқозы Шоңңың оязды жамандағанына таң қалды. Ол Шоңды болыс сайлап отыр. Ал мынау ол туралы мынадай сөз айтады.

      – Сонда Карбышев те жаман ба?

      – Ол жауыздың жауызы ғой.

      Телқозы Шоңның мына сөзіне түсінбеді. Содан кейін үндемей шығып кетті.

      Телқозы кеткен соң Карпов сұрады:

      – Ана кісі не деді?

      – Ол кісі сізді тамақты неге аз ішеді дейді.

      – Сіздің әкеніз қандай қайырымды адам! Жалпы, қазақ маған ұнайды. Карбышев айтады, киргиздар жеті атасынан асқанша өз жақынынан әйел алмайды дейді, сол рас па?

      – Ол шындық. Қазақ жеті атаға дейін өз руынан әйел алмайды.

      – Мұндай қасиет сіздерге мұсылман діні арқалы келген бе?

      – Жоқ, арабтар өздерінің немересін де ала береді дейді. Мына төрелер де сондай. Немересін, шөбересін ала береді. Олардың ойынша, біздің қанымыз жақсы соны, сақтап қаламыз дейді. Төрелердің онысы дұрыс еместігін менің үлкен әкем Жанкелді деген кісі айтатын.

      Карпов бұл туралы оқыған жоқ еді. Таңқалып, Шоңнан сұрады:

      – Бәрі өмірден туындайды ғой. Бұл сонау аталарымыздан келе жатқан болуы керек. Кейбір тұқым қуалайтын ауру туыс адамдар жақындасса, бірінен бірі беріледі деген пікір бар. Сондықтан қазақтар жеті атаға дейін әйел алмайды. Мұндай қасиет сондай күдіктен туған болар.

      – Қазақтардың онда медицинадан түсінігі мол екен.

      – Ол жағын білмеймін. Егер бір рудың адамы өз руынан әйел алса, оны қазақтар өлім жазасына бұйырады. Бұл дәстүрге айналған.

      – Бұл жайдан жай емес. Ондайлар тұқым қуалаушылық ауруына жол бермеу үшін жасалған болуы керек.

      Бір сұрақтан соң келесісі туындай берген.

      – Шоң Телкозинович, мені мазалап жүрген бір сұрақ бар. Осы Шыңғысхан монғол ма, әлде қыпшақ па?

      – Жалпы, сол Шыңғысханның өзі де кім екенін білмеуі мүмкін. Бала кезінде сол монғолдардың арасында өсіп, тілі монғолша шығып, өзін монғолмын деп кетуі де ғажап емес. Сол кісі монғолдармен көрші отырған түрік тілдес халықтардың біреуінен болуы да мүмкін. Бірақ тура ашып айта алмаймын.

      Оның бірінші әйелі монғол емес, сол маңда тұрған түрік тілдес халықтың бірінен шыққан. Бұдан кейін де Шыңғысхан бірнеше әйел алған. Бірақ біреуінің балаларын да ел билігіне жібермеген. Сол бірінші әйелі Бөртеден төрт бала туған. Әйелінің есімі қазаққа келеді. Бөрте түрік сөзі. Біздің шежірелердің айтуына қарағанда, сол кісі ақылды әйел болғанға ұқсайды. Көрші тайпалар ұрлап алып кетіп, біраз әйел етіп, кайтып келген соң одан бас тартпай, қайта алған Шынғысхан. Ол соның ақылына бас ұрған сияқты. Сол кісінін айтқанын орындаған тәрізді. Содан туған төрт баланың ұрпақтары бертін келе жаулап алған жерлерінде билік жүргізді. Оның ұрпақтары Абылай, Кенесары – сол хан тұқымынан тараған адамдар. Қазақтар соларды қолдап, оларды төре атап, қадыр тұтып, олардың сөзін тыңдап, соларға бағынған. Айтқанын