Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Историческая литература
Год издания: 0
isbn: 9785005549501
Скачать книгу
келмейді. Бір кезде Кенесары Ақмола бекінісін талқандап, кейін ақыл сұрап осы биге келген. Сонда бұл кісі оған, сен бәрібір жеңілесің, патшамен келісімге кел депті. Сол сөзі үшін барлық малдарын айдап әкетіпті. Екі баласы бар еді, оларды да зорлап Кенесары алып кеткен. Олардан осы уақытқа дейін хабар жоқ. Сірә, соғыста өліп қалған болуы керек. Қыздарын алған құдалары бар. Олар қазір бұған қарамайды. Бұл да оларды ұнатпайды. Бұл адам өзінше тіршілік кешіп жатқан адам.

      – Аянышты өмір кешіп жатыр екен. Мынадай адамды мемлекеттік жұмысқа тарту керек ғой.

      – Бұл кісі патшаның жүргізіп отырған саясатын да жақтырмайды. Сондықтан Карбышевке ұнамайды. Және өмір бойы төрелермен айтысып келеді.

      Карпов төрелер кім екенін білмейтін болып шықты. Содан кейін Шоң қонағына түсіндірді:

      – Олар Шыңғыс хан тұқымынан шыққан адамдар. Пәлен ғасырлар бойы қазақтарды билеп келген. Сондықтан оларды төрелер атап кеткен.

      – Олар көп ме?

      – Хандар алты-жеті әйел алған. Олардың баласы да сөйткен. Содан кейін көбейген. Қазір олардың саны бірнеше мыңға жетеді.

      – Олардың халық арасында беделі бар ма?

      – Менің байқайтыным уақыт өткен сайын төмендеп келеді. Әуеліде төрелердің орыс шенеуніктермен ара қатынасы жақсы еді. Кенесары жеңілгеннен кейін, оларға да басқаша қарайтын болды. Бұрын осы Ақмола жерін дуан деп атайтын. Оны өзіңізге Семен Иванович айтқан шығар, Сәмеке ханның тұқымы Қоңырқұлжа деген аға сұлтан биледі. Ол кезде хан заманындағыдай киргиздарға төрелер билік жүргізетін. Енді уез атанды. Оны Карбышев басқарады. Биліктен айрылған төрелердің халық алдындағы беделі де төмендеп кетті.

      – Сіз олардың беделінің төмендеуіне қалай қарайсыз?

      – Мен әуелден оларға дұрыс қарамаған адаммын. Өйткені, халықты екіге бөлді. Ел билігіне ыңғай төрелерді тартты да, басқа төре еместерді екінші дәрежелі адамдар санады.

      – Қазіргі уақытта олардың орыстармен арасы қандай?

      – Бір кезде Шыңғыс хан тұқымдары орыстарға билік жүргізді ғой, содан қалған ыза бар тәрізді. Орыстар билікті өз қолдарына алған төрелерді енді сырғыта бастады.

      – Төрелердің биліктен кете бастағанына қалай қарайсыз?

      – Киргиздарды осы күйге жеткізген солар ғой. Оларға мен қалай қараймын…

      – Ал сіз орыстарға қалай қарайсыз?

      Шоң орыстармен орыстар туралы сөйлескенде сақ болатын. Қазір де сол сақтығына салып:

      – Әзірге орыстар туралы ештеңе айта алмаймын. Оларға киргиздардың қандай көзқараста екенін болашақ ұрпақ айтады.

      Шоң көбіне жол бойы «киргиздар» сөзін «қазақтарға» ауыстырып отырды. Орыс шенеуніктері Шоңның киргиздар сөзін қазақтармен ауыстырып сөйлегенін ұнатпайтын. Олар реніш білдіргенде Шоң айтатын: «Орыстар келмей тұрғанда біз бір-бірімізді қазақпыз дейтінбіз. Содан аузым үйреніп кетіпті». Орыс шенеуніктері үндемейтін, олардың бұл сөзге қалай қарайтынын білу қиын еді. Ал казак-орыстар жанжал шығаратын. Казактар сіздер емес, біз боламыз дейтін. Оларға қарсы шығуға болмады, сондықтан Шоң жеңілгендей