Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Историческая литература
Год издания: 0
isbn: 9785005549501
Скачать книгу
ыңғайсыз көріп, үшеуін ауыз үйде қалдырды да, өзі кірді. Ояз жақсы күйде қарсы алды Шоңды. Ол бірден Нұраның бойына келіп қоныстанған орыстардың хал-жағдайын сұрады. Шоң алдымен осындай сұрақ қоятынын біліп алған. Сондықтан Захар ауылына Ақмолаға жүрер алдында барып қайтқан.

      – Олардың жағдайы жақсы. Малдарын өсіріп, огородтарын салып, балығын аулап тұрып жатыр.

      Мына сөзге ояз риза болып қалғандай. Бұл жайында сөзді бітіріп:

      – Кешегі қасыңдағы адамдарың қайда? – деді.

      – Олар ауыз бөлмеде тұр.

      Карбышев қазақтың билерін жақтырмайтын, соған орай сөйледі.

      – Осы билердің санын көбейтіп қажеті қанша?

      – Семен Иванович, қарт билер ескіге қарай тартады. Бүгінгі заман талабына байланысты, осындай жас билердің болғаны жақсы…

      Мына сөз ояз көңілінен шыққан сөз болуы керек, «шақыр, кірсін» – деді есікте тұратын адамға. Үшеуі кірген. Кешегідей емес, ояз үшеуімен де қол беріп амандасты. Оның бұл қылығы үшеуінің де көңілдерін көтеріп тастағандай.

      – Сіздер мына Шоң Телкозиновичке қызмет етесіздер ме? – деп сұрады ояз.

      Қу Әлсен айтты:

      – Біз сізге, патшаға қызмет етеміз.

      – Мен оны білемін. Сіздер алдымен мына Шоң Телқозиновичке қызмет етіңдер. Бұл кісіге еңбек еткендерің патшаға жасағандарыңыз болып табылады. Өйткені, бұл кісі біздің сол жақтағы өкіліміз. – Бұл сөзді ояз саясатпен айтып тұрғанын білді Шоң.

      – Жасаймыз, – деп, үшеуі бірдей жарыса сөйледі.

      – Олай болса, мен сіздердің би болғандарыңызға қарсы емеспін, – деді ояз.

      Ояз ауылдағы билер тәрізді ортаға алып, біраз емтихан алғандай әуре ете ме деп қорқып келген бұлар. Мынасы тіптен оп-оңай болды. Тысқа шыққан соң Әлсен:

      – Мына ояз қарсы емеспін дейді. Осының алдына әкелмей-ақ бізді би сайлауыңа болады екен ғой.

      – Әлсен, бұл да саясат қой, ертеңгі күні ауылдағы билерге айтуға жақсы болады. Сендерді би сайлауға ояздың өзі қолдады деуге…

      Қайта Қоңырқұлжа үйіне келді. Шоң Әйімкүлді салт атпен алып кетпек ойы бар еді. Бірақ ұзақ жолға салт атпен өзі екіқабат әйелді алып жүру қиын екенін түсініп, ол ойынан қайтты. «Сен бұл жолы асықпа, кейін атарбамен Жойқынбекке алғызамын» – деді.

      Бірақ Әйімкүл Шоңның айтқанына көнбеді. Сол салт атпен бұлармен бірге жүріп кеткен еді.

      Дос көңілді адам

      Шоң келгенде анда-санда Карбышев оны үйіне ертіп апарып, болыстардың жұмысы туралы ақылдасатын. Ояз мұны қазақ психалогиясын жақсы білу үшін жасайтынын Шоң сезетін. Оның өзі де бала кезінде жергілікті халық арасында болған. Қазақ жайында мәліметі мол еді. Сонда да Шоңнан сұрайтын. Мұнысы Шоңның өзін де жақсы білу үшін жасайтынын сезетін. Содан кейін сөзден ұсталып қалмау үшін неше түрлі құйтырқы сөздер араластырып сөйлейтін.

      Шоң кезекті бір келгенінде ояз оны үйіне ертіп апарды. Қазақтын мінез-құлқын Шоңнан артық ешкім білмейтініне оның көзі әбден жеткен. Сондықтан ана болыс солай жасап жүр, соған не істеуге болады деген тәрізді сұрақтар